Картинка
Их жизнь

Жұлдызды балалардың хоббиі

Айару Бахытбек 

Баян Есентаеваның кіші қызы Айарудың хоббиін білмейтін адам жоқ шығар. Ол тәтті тағамдарды пісіріп жүргеніне 2,5 жыл болды. Соңғы уақытта тіпті тәтті тағам пісіруге тапсырыстар да қабылдап жүргені көрінеді. Инстаграм желісінде өзі пісіретін тағамдардың дайындалу жолдары жазылған @vatrushkiotaiarushki атты бөлек парақшасын ашып қойды.

Даниал Өскенбай 

Динара Сатжанның ұлы футболмен кәсіби түрде айналысады. Футболға байланысты түрлі шаралардың бірін жібермей, әрқайсысына қатысады. Анасының айтуы бойынша, Даниял футболға өз бетімен жазылды. Ата-анасы біраз уақыт бойы оның қайда барып жүргенін де білмеді. Даниял туған күнін тойлағанда да қонақтарды жай отырғызып қоймай, футбол ойнатады екен.

Сұлтан Сатыбалды 

Тағы да бір өсіп келе жатқан теңбіл доптың шебері – Сұлтан Сатыбалды. Сұлтан отандық үздік актер, асаба және жүргізуші Азамат Сатыбалдының ұлы. Сұлтан футболды алаңда да ойнайды, FIFA компьютерлік ойынның көмегімен үйде де жаттығады. Әкесі ұлының футболға деген қызығушылығын жан-жақты қолдайды. Сүйікті футболшысы – Гарет Бэйл.

Бекболат Болманов 

Болашақ футболшылар тізімін эстрадамыздың ең танымал жұптарының  бірі Қыдырәлі мен Қарақаттың үлкен ұлы Бекболат жалғасытрады. Сүйікті футболшысы – отнадық “Астана” футбол клубының ойыншысы Каньяс Роджер.

Марика Акишева

Отандық тележүргізуші және продюсер Серік Акишевтың қызы әкесі сияқты шаңғы тепкенді ұнатады. Қыс басталған сайын әрбір демалыс күндерін Марика әкесімен бірге "Шымбұлақ" немесе "Ақ Бұлақта" өкізеді. Серік қызын ендігі кезекте сноуборд теуіп үйретпекші.

София және Диана

"ДОМ" қайырымдылық қорының негізін қалаушы Аружан Саинның екі қызы да балетпен айналысады. Бұл күрделі өнерді София және Диана Алматы қаласының "Entree" хореографиялық студиясында үйреніп жүр. Дарынды қыздардың жетістіктері де аз емес. Бірнеше байқауларға қатысып, жүлделі орындар алып үлгерді. 

Клещенко Жасмин

Жақында ғана екінші рет ана атанған Анастасия Клещенконың үлкен қызы Жасмин кәсіби түрде бимен айналысып жүргеніне бір жылдай болды. Кішкентай жасына қарамастан үшінші сынып оқушысы би өнерін жақсы менгеріп, болашақта кәсіби биші болып шығуы ықтимал.