Картинка
Их жизнь

Жұлдыздардың әлеуметтік желілерде көп дау туғызған суреттері

Баян Есентаева

Бір де бір жұлдызды топтама Баян ханымсыз өтпейді. Бұл жолы да танымал продюсердің қысқы демалысынан жарияланған суреті әлеуметтік желілерде ерекше дау шығарды. Суретте Баян ханым суда жүзетін киіммен бассейннің ішінде тұр. Продюсер орта жастан асып, екі ересек қыздың анасы болғанына қарамыстан, дене сымбаттылығын тамаша сақтаған. Алайда, оқырмандар оны бағалаған жоқ. Ал Баян ханымның өзі болса жағымсыз пікірлерге назар аудармай, өзін тәрбиелейтін оқырмандарға парақшасын оқымауға кеңес берумен шектелді.

 

Ульяна Амент

Отандық тележүргізуші Ульяна Амент өзін өзі суретке түсіргенді ұнататындықтан, оның парақшасынан көбінесе сэлфи суреттерді көруге болады. Ульяна кеудесі ашық киімдерді ұнататындықтан, көп жағдайда сэлфи суреттерінде жалаңаш тұрған сияқты көрінеді. Сол үшін оның суреттері де оқырмандар арасында көп дау шығарады.

Макпал Исабекова

Мақпал Исабекованың кез-келген суреті жүзден аса комментари жинайды. Мақпалдың бір топ оқырмандары өздерінің сүйікті жұлдызын тура жолға салуды өмірлік мақсат қылып қойған сияқты. Ал қалаған оқырмандар Мақпалды сол топтан қорғап отыратыны көрінеді. Сол екі топ арасындағы жан-жал әсіресе, Мақпалдың арқасын және бөксесін ашық көрсететін суреттері мен әншінің тор секілді киім киген суретінің астында көп болды.

Луина

Луинаның өзі де, сөзі де, суреттері де көп дау туғызады. Алайда, отандық орындаушы бұған түк мән бермейтіні көрінеді. Керісінше, өзінің инстаграм парақшасына шомылу киімімен түскен суреттерді көптеп жүктейді. Бірақ, кезінде ең үлкен шу туғызған сурет Луинаның жалаңаш денесіне бір жапырақ халат жамылып жатқан бейнесі еді.

Лидо

Бала босану дене сымбаттылығын жоғалтуға еш себепші болмау керек деген қағиданы ұстанатын Лидо да өзінің денесін көрсеткенді ұнатады. Бірақ, Лидоның оқырмандарының пікірі мүлде бөлек. Және сол пікірлерді әншінің тор шұлық киіп жатқан суреттері мен былғарыдан жасалған бикин киіп түскен суреттердің астынан табуға болады. 

Дарья Александрова

"Ұят! Ұят! Ұят! Менің денем - менің жетістігім, менің еңбегім. Бастасы, мен дұрыс өмір сүремін,  еш жаман нәрсе істеп жатқан жоқпын. Денсін жауып, ойына келгенін істейтін қыздар көп", деп жазды актриса өзінің инста парақшасында. Комментари артық.