Картинка
Звезды

Жұлдыздардың әйелдерінің инста-парақшаларына шолу

"МузАрттың" келіншектерінің немен айналысатындары көпшілікке сөзсіз қызық. Сәкеннің жүрегінің ішіндегі жүрегі Динара ханым әлеуметтік желінің құлы емес. Мейрамбектің махаббаты Мархабат та танымалдылықтың соңынан қумайды. Оған дәлел - парақшасының жабық болуы. Мархабат жеңгелерінен үлгі алған бір топ әншілердің келіншектері бар. Олар Ғаділбек Жанайдың ханшайымы – Ақмаржан, Асылхан Төлеповтің келіншегі – Айсұлу, «Жігіттердегі» Ердостың сүйіктісі – Айдана, т.б.

Кенжебектің келіншегі – Жәмиля

Ал, топ кенжесі Кенжебекке атқамінер ұл мен егіз қыз сыйлаған Жәмилә келіншек қос абысынын инста-әлемде шаң қақтырып кеткендей. Себебі, @zhami_us парақшасының 54 000 астам оқырманы бар. Әлеуметтік желіге отбасылық демалыстарды, балаларының қуаныштары мен жетістіктерін салып отырады. Айтпақшы, әншінің әдемі келіншегінің шағын бизнесі де бар. Ол – балаларға арналған киімдер сататын дүкен.  

Ерғалидің гүлі – Гүлсара

@abdraimova_gulsara12  деп аталатын парақшаның иесі - танымал «Жігіттер» тобының продюсері Ерғали Әбдірайымовтың жары Гүлсара ханым. 90 000 жуық оқырманы бар «Жігіттердің» асыл жеңешесінің парақшасының кез-келген қазақ қыз-келіншектеріне беретін пайдасы көп. Әсіресе, бес саусағынан бал тамған аспаз. Үнемі өзінің пісірген дәмді тағамдарының мәзірімен бөлісіп, отбасылық құндылықтар туралы қалам толғайды. Одан бөлек соңғы кездері Гүлсара ханым тапсырыспен торттар пісіруге кіріскен. Болашақта жеке кондитерлік дүкенін ашып, талайды қуантуына тілекшіміз.

Нұрланның жары – Жанар

Әзілге жаны жақын, үнемі аңқылдап жүретін Нұрлан Еспановтың жары қандай? Бұл сұрақ расында, көпшілікті қызықтыратын шығар. Алайда, Нұрекеңнің үйдегі нұры отағасына мүлдем қарама-қайшы жан. Жанар ханымның артық әңгімені суқаны сүймейтінін @zhanar0177 парақшасынан байқауға болады. Сөзден гөрі іске бейім Нұрлан мырзаның ханшайымы тігінді жақсы көреді. Төрт баланың анасы үйдегі кенже қыздарына арналған ерекше киімдерді де өзі тігіп, оқырмандарына есеп беріп отырады. Айтпақшы, тұңғыштарын ұзатқан Нұрлан мен Жанар шоу –бизнестегі ең жас жұлдызды ата мен әже.

Жанхоштың жартысы – Клара

 @klarita_os деген парақшаны 73 000 астам оқырман оқиды. Бұл танымал боксер Жанхош Тұраровтың келіншегі Клара. Күні кеше тұңғыштары Алиянаның бір жасын атап өтті. Ел намысын қорғап жүрген чемпионның келіншегі – болашақ дәрігер. Өзінің парақшасын позитивті жүргізуге құмар Клара да өзге жұлдызды келіншектер секілді шағын бизнесті қолға алған. Ісіңізге сәттілік тілейміз, болашақ миллионер ханым!!

Сырымбеттің серігі – Асима

«Өнер қырандары» пародия театрының актері Сырымбеттің өмірлік серігі Асиманы шамамен 22 300 – ден астам оқырман оқиды. @asima_rahmetullah парақшасының иесі сөзсіз пысық келіншек. Үнемі пайдалы кеңестермен бөлісіп, әртүрлі лайфхак ұсынып жүретін бикеш соңғы кездері шеберлік сағаттарын үйретуден алдына жан салмай жүр. Асхананың шебері Асима дәмді торттар мен ерекше тамақтар пісіруден арнайы сабақтар өткізеді. Одан бөлек сұлулықтың сыры, өзін – өзі тәрбиелеу секілді пайдалы ақпараттарды да оқырманына сағындырмай ұсынады.

Ғабиттің ғашығы –Нурилла

Қос қыздың анасы, Шымкенттің келіні Нурилла да өте пысық келіншектердің бірі. Нурилла – Сәкен Майғазиевтің інісі, «Меломендік» Ғабиттің өмірлік жары. Тараздың тумасы қазір Алматыда тұрады. Және инстаграмды жетік меңгерген пысық келіншек орамалдар сататын инста-дүкен ашып үлгерген. Одан бөлек жиі орамал тағу тәсілдеріне байланысты кездесулер мен парақшасында конкурстар ұйымдастырып тұрады. Және @nurillaakbergen әлеуметтік желісіне кірген әр оқырман әдемі суреттерден бөлек, пайдалы жарнамаларды да көре алады. Пайдалы ақпараттармен бөлісіп, оқырманын сағындырмайтын арудың парақшасын сізде парақтап көріңіз. Бәлкім, керегіңізге жарап қалар!

Райымның музасы – Шынар

Мейрамбек Беспаевтың шәкірті Райым Уайысты өнерсүйер қауым жақсы таниды. Ал, Райымның үйдегі шырағын жағып, отбасының берекесі болып отырған келіншектің есімі – Шынар. Оның парақшасы - @shynar_abdibek. . Соңғы айларда әлеуметтік желіде белсенділік таныта бастаған Райымның жартысының жоғарыдағы жұлдызды келіншектердей оқырманы аса көп емес. Одан бөлек кәсіби фотосуреттері де аз. Алайда, оның жазатын әр жазбасы алты мың оқырманның сұранысына ие. Шынардың басты ерекшелігі – шынайлығы мен сөз тапқырлығы. Тілге шешен келіншек әр оқиғаны қызықты етіп жаза біледі. Ең басты артықшылығы – ол тек ерінің жағдайын жасаған емес, енесінің де көңіліне кірбің түсірмеуге тырысатын ибалы келін.

Из родильного кресла на подиум
Дети звезд: слава по наследству?
Яблоко от яблони...