Картинка
Их жизнь

Жаңа есімдер: Қазақстанның 11 үздік жас актрисасы

Дарья Александрова

Қандай фильм/сериалдарда түсті: "Нархоз", "Олимпийцы", "Жаным-2" сериалдары, "Путь лидера. Огненная река" фильмі

Туған күні: 23 ақпан 1993 жыл

Көңілді әрі күлімсіреген жүзді Дарья Алтайда дүниеге келген. Бішкек қаласындағы лицейді тәмамдаған. Алматыда жоғары оқу орнына оқуға түсіп, бұл жақта анасымен және өгей әкесімен ұзақ уақытқа орналасты. Дарья "ТСБ" барында бар-гёрл болып жұмыс жасаған. Бір күні оны кастингке шақырып, екінші кезектегі рольді ойнауға бекітеді. Сол уақыттан бері Дарья түсірілімдермен бірге спортпен айналысу және достарымен жолығысуды біріктіріп, белсенді өмір салтын жүргізуде. Алматы және Мәскеу қалалары арасында саяхат жасап жүреді. Жақында қол жеткізген жетістігі бойынша мәлімет сілтеме бойынша.   

Жания Джуринская

Қандай фильм/сериалдарда түсті: "Болашақ", "Парыз", "Өмір өткелдері", "Ғашық жүрек", "Вузеры" сериалдары, "Өкініш" фильмі

Туған күні: 6 желтоқсан 1990 жыл

Ойнақы болып көрінетін күлкісі бар Байқоңыр қаласының тумасы Жания шет аймақтық қаладан мегаполиске көшуді үнемі армандайтын. Алматыда Жания жоғары оқу орындардың біріне журналистика факультетіне оқуға түсті. Актриса жұмысқа толығымен беріледі және басқа дүниемен айналысуға уақыты бола бермейді. Жақында ғана Астанаға көшіп, өзінің сұлулық салонын ашты. Бизнесіне бар уақытын арнай отыра кинода сирек түсетін болды. Актрисадан алынған толық сұхбатты сілтеме бойынша оқи аласыздар.   

Сая Оразғалиева

Қандай фильм/сериалдарда түсті: "Жаным", "Вузеры" сериалдары

Туған күні: 7 сәуір 1988 жыл

"Жаным" сериалында актриса көзі нашар көретін ұлын өсіріп жүрген, ауылдан қалаға көшіп келген жалғыз басты әйелдің ролін сомдады. Шын өмірде Сая Радмир есімді баланың анасы болып табылады және ұлын өз бетімен тәрбиелейді. Бір уақыттары Сая "Shine" және "FM" топтарының солисткасы болған. Алайда Сая ән салудың тығыз графигін баланы тәрбиелеумен бірге алып жүре алмады. Қазіргі таңда актриса өзінің музыкалдық жобасын іске қосуды жоспарлауда. 

Айнұр Ильясова

Қандай фильм/сериалдарда түсті:  "Побег из аула", "Парыз", "Бажалар", "Сырғалым", "Сырғалым 2" сериалдары, "Келинка Сабина" фильмі

Туған күні: 2 қыркүйек 1986 жыл

Жас актриса Ташкент қаласының тумасы. Өскемен қаласындағы мектеп пен университетте білім алған. Оқуды аяқтағаннан кейін Айнұр Шығыс Қазақстан облыстық Жамбыл атындағы театрында жұмыс істеуге шақырту алады. Бірақ Өскеменде ұзақ уақыт бола алмай, 2010 жылы Алматыға көшіп келеді. Бұл жақта актрисаның өмірі бұрынғыға қарағанда белсендірек: спортзалда тұрақты жасалатын жаттығулар, атпен жүру, тауға шығу және тығыз түсірілім графигі. Өткен жылдың күзінде Айнұр "Қыздар арасында" атты бағдарламаның жүргізушісі болды.  

Іңкәр Абдраш

Қандай фильм/сериалдарда түсті: "Путь лидера. Огненная река", "Возвращение", "Супер Баха", "Солнечные дни", "Ирония любви" фильмдері

Туған күні: 9 маусым 1990 жыл

Жас актриса кино айналасында өскен. Әкесі – режиссер Абдрашев. Іңкәр Алматыда Жүргенов атындағы өнер академиясында оқыған. Актерлік шеберліктен басқа, вокалдық өнерге де ие.  "Томирис" тобының бұрынғы солисткасы. 13 жасынан бастап вокалмен айналысады. Қазіргі таңда актриса НТК арнасында «Айтарым бар» бағдарламасын қазақ тілінде жүргізеді.    

Әлия Телебарисова

Қандай фильм/сериалдарда түсті: "Жаужүрек Мың бала", "Параллельные миры", "Герой моей девушки", "Man with two faces" фильмдері; "Ағайынды", "Город мечты", "Жаным", "Вопреки всему", "Одноклассники", "Жас Улан", "Бажалар" сериалдары.

Туған күні: 30 сәуір 1993 жыл

Әлияның кинодағы дебюті Ақан Сатаевтің "Ағайынды" сериалының түсірілімдерінде болды. Кейін актриса Қазақстандағы ең кассалық фильм болған "Жаужүрек Мың бала" фильмінде роль сомдауға арналған кастингтен өтеді. 2011 жылы Әлия «Мисс Алматы» атағын иеленіп, Алматы қаласынан республикалық жарысқа қатысуды жоспарлайды. Алайда оқуға байланысты одан бас тартады. Өткен жылдың маусым айында Әлия тұрмыс құрды. Тойға жиналған қонақтардың арасынан актриса Қарлығаш Мұхамеджанова, Құралай Анарбекова, Аружан Джазильбекова, әнші Аша Матай, Ерке Есмахан, Диана Шарапова байқалды.

Салтанат Науруз

Қандай фильм/сериалдарда түсті: "Deadline day", "Punch money", "Blooming flower", "Заговор Оберона", "Ограбление по-казахски" фильмдері

Жасы: 27  

Салтанат актерлік шеберлікке Лос-Анджелес пен Нью-Йоркте үйренген. Қазақстанда киноға түсуге мүмкіндігі шетелде түсуге қарағанда көбірек деп есептейді. Себебі шетелде бәсекелестік өте жоғары. Әлемдік кино академияларындағы оқудан кейін осы жақта жасап жүргенінің барлығы жаңалық болуда. Қазірге кезде актриса сауық-кештерге аз уақыт бөліп, оның орнына білім курстарына қатысып, жаңа рольдерге дайындалады.

Бибігүл Суюншалина

Қандай фильм/сериалдарда түсті: «Громовы. Дом надежды сериалы, "Сердце мое, Астана", "Пираньи", "Балкон", "Виртуальная любовь" фильмдері

Туған күні: 4 шілде 1991 жыл

Бірінші актерлік ролін сегіз жасында "Жұлдызым" музыкалық бейнебаянында басты кейіпкерді ойнау қажет болған кезде сомдады. Қазір актриса үш қалада жұмыс істейді: Алматы, Астана және Мәскеу. "Громовы" сериалындағы ролінен кейін Бибігүлді ресейлік сценарийшілер байқаған. 2013 жылы Бибігүл Иван Бурмистровке тұрмысқа шықты. Актрисаның таңдаған жарының шоу-бизнеске ешбір қатысы жоқ.  

Айнұр Ниязова

Қандай фильм/сериалдарда түсті: «Виртуальная любовь», «Ликвидатор», «Книга легенд: Таинственный лес», «Сердце мое, Астана», «Кенже» фильмдері

Туған күні: 8 тамыз 1985 жыл

Актерлік талантынан басқа Айнұрдың пішіп-тігуге деген бейімділігі бар. Бала кезінде өзіне киім жасау арқылы іс тігу машинасымен жұмыс жасау арқылы көп уақыт өткізген. Мектепті бітірген соң Астанаға көшіп, кейін музыка академиясының театр бөлімін аяқтаған. Бір уақытта телевизияда қызмет атқарып, "Афиша" айдарын жүргізген. Кейін тікелей эфирдегі жүргізуші болды. Айнұрдың актерлік мансабы Алматыда "Виртуальная любовь" фильмі түсірілімінен соң басталды. Қазір Айнұр киноға түседі, қысқа метражды фильмдерге сценарийлер жазады, музыка, өлең шығарумен айналысады.

Әсем Жакетаева

Қандай фильм/сериалдарда түсті: "Вузеры" сериалы

Туған күні: 19 сәуір 1987 жыл

"Superstar. kz" жобасының қатысушысы аз уақыт ішінде халқының сүйікті қызына айналды. Жоба түсірілімі аяқталғаннан кейін Әсем БАҚ-пен байланысты тоқтатып, бесжылдық үзіліс жасады. Сосын қазақ эстрадасында Айлан деген есіммен пайда болып, уақыт өте келе бұл жобадан да бас тартты. Бүгінгі күндері Әсем көбіне актерлікке бейімділік танытып жүр. Оған қоса продюсерлер "Вузеры" сериалының түсірілімін жалғастыруды жоспарлауда. 

Динара Бақтыбаева

Қандай фильм/сериалдарда түсті: "Он и Она" фильмі, "Нархоз" сериалы

Туған күні: 17 қараша 1993 жыл

Жас актриса Жаңаөзенде дүниеге келген. Бірақ Динара дүниеге келгеннен кейін уақыт өте келе отбасысы Атырау қаласына көшеді. Мектепті бітіріп, Алматы қаласының жоғары оқу орындарының біріне «инженер-байланысшы» мамандығы бойынша Динара оқуға түседі. Актерлікпен айналысуды жоспарламаған Динара "Он и Она" фильміне кастингке шақырту алғаннан кейін шешімін өзгертеді. Бұл фильм ол үшін дебюттік жоба болды. Фильмнің 300 мың доллар көлеміндегі бюджеті прокатқа шығарудың алғашқы аптасында-ақ орнын толтырады. Қазір Динара Дарья Александровамен бірге "Нархоз" сериалында түсіп жүр.