Картинка
Звезды

Төреғали Төрәлі үйленді

Биыл Ұлы Дала Баласы Төреғали Төреәлі 25 жасқа толды. «Айхай -25» деп бес күн бойы жеке шығармашылық кеш үйлену тоймен жалғасты. Естеріңізге сала кетейік, Төреғали Төреәлі 2014 жылдың 26-қарашасында үйленген еді. Ғаламторда ұзату той мен беташардың фотосуреттері жарияланды. Алайда, үйлену тойын жасауға асықпаған Төреғали бұл ақпаратты жоққа шығарып, тіпті жеке өміріне қатысты сұрақтарға жауап беруден бас тартатын. Бұл туралы әнші тілшімізге берген сұхбатында былай дейді: «Жоққа шығармадым. Бірақ, жеке өмірім туралы ақпарат бермейтін едім. Өйткені, тойдың нақты қай күні болатынын өзім де білген емеспін. Тағдырдың қандай тосын сыйы бар екенін менде білмеймін, сізде білмейсіз. Сондықтан, өмір арбасының алдына түсуді жөн көрмедім. Бұйрық осылай болып, тойымыз бүгін өтуде. Оның да өз берекесі бар деп білемін».

Әншінің жүрегін жаулаған арудың есімі – Толқын. Көпшіліктің көзінен жасырын болған сұлу келіншек қазір магистратурада білім алуда. Бірақ, болашақта мамандық бойынша қызмет етуді жоспарлап жүрген жоқ. Өйткені, өнер адамның бабын тауып, жағдайын жасау оңай еместігін қалыңдық жақсы біледі. «Ер азығы – түзде. Сондықтан, жолдан шаршап келген отағасын күтіп алып, балаларына тәрбие беріп, шаңырақтың жылуын сақтау менің міндетім деп білемін» деп ағынан жарылды инабатты келін. Ерінің тілеуін тілеп жүрген Толқын мен хитмэннің қос қыз тәрбиелеп отырған бақытты ата-ана.

Ал, қос ғашықтың махаббаты туралы продюсер әкеден алғаш болып «Жігіттердің» Бағланы сүйінші сұраған. Қуаныштың жаңалықтың жаршысына Төрәлі мырза алтын сағат сыйлапты.

Үш жылдан  соң «Жігіттер» тобы үлкен кештің шымылдығын ашып, жас жұбайларды «Екі ғашық» әнімен той төріне шығарды.

Айтпақшы, жігіт жолдас Төреғалидің хит әндеріне сөз жазып жүрген ақын Қайнар Алагөзов болған.

Той ортасында Ұлы Дала Баласы келіншегіне арнап жаздырған «Менің Толқыным» атты әнін орындады.

Өмірлері де тәтті болсын деген ниетпен алты қабатты биік торттан дәм татты.

Той барысында жас келін өзінің тектілігі мен инабаттылығын көрсетіп жүрді. Төреғалидан жасы үлкен аға-әпкелердің барлығына иіліп сәлемін салып, жылы жүзділік танытты. Ал, қалыңдық көйлегін аты әйгілі Amour Bridal-дың коллекциясынан сатып алған. Экслюзивті ақ көйлектің бағасы 1 000 000 теңгенің көлемін құрайды екен.

Әр келген қонаққа жас жұбайлардың фотосуреті жарияланған журнал сыйға берілді. Және тойбастарға өзге тойларда болмаған үрдіспен,үлкен шәйнек пен бір қорап шәй берілді.

Астанадан Қыдырәлі Болманов, Айгүл Иманбаева, Майра Ілиясова, Қайрат Нұртастың өзі болмаса да, ата – анасы Нұртас пен Гүлзира Айдарбекова тағы өзге де ел мақтаныштары ат терлетіп келген. Бұл тойға тілекші болған әріптестері «сырты жұқа болса да, іші бұқа» деп той иелеріне сыйлықтарын табыстады. Бізде жастарға бақыт тілейміз.

Из родильного кресла на подиум
Дети звезд: слава по наследству?
Яблоко от яблони...