Картинка
Их жизнь

Танымал сүр бойдақтар

Қайрат Түнтеков

Сүрленіп кеткен бойдақтың бірі де бірегейі Қайрат Түнтеков. «Жігіт отызда орда бұзбаса, қырықта қамал алмайды» деген сөз бар. Бірақ, бұл сөзге Түнтеков еш мән бермейтін сияқты.  Сахнадан көрінбей кеткен бұл жігіт жасырын үйленіп алыпты деген алып-қашпа әңгіме бар. Алайда Қайрекең жеке өмірге қатысты сұрақ қозғалса, ләм-мим деп жақ ашпайды. 1986 жылдың 14-ақпанында Шымкентте дүниеге келген оның жұлдызын Super Star.kz жобасы жақты. Әншінің хоббиі футбол ойнау.

Батыр Байназаров

Ringo тобының әншісі Батыр Байназаровтың да басы бос. Өзін тек әнші емес, тележүргізуші, актер ретінде сынап жүрген жігіт болашақ жарын иманды әрі өнерден бейхабар жан болады деп армандайды екен. Батырдың әпкесі мен інісі бар. Інісі Асқар да Алуа Қонарованың продюсерлік орталығындағы Renzo тобының әншісі болып жұмыс жасайды.

Данияр Өтеген

Данияр Өтегенде үйленуге асықпайтын сияқты. Қара бала жеке өмірін камера объективінен өте алыс әрі сақ ұстайды. Тіпті, оның талғамындағы арулардың қандай екенін әзірге көпшілік білмейді. Өйткені, оның бұрынғы ғашықтарымен түскен фото-суреттер немесе өсек-әңгімелер де таралмаған. 1986 жылдың 24-сәуірінде өмірге келген Даниярдың сүйікті әншісі Крэйг Дэвид, актриса Мила Кунис екен.

Әли Оқапов

Есесіне, Даниярдың жан досы Әли Оқаповтың қиялындағы арудың қандай екені оқырманға мәлім. Тәуелсіздіктің құрдасы осыдан бірнеше жыл бұрын Дәурен Айдарқұловтың экс-әйелі Ақбота-Нұрмен жұп болғанын жуырда көпшілікке ашық айтты. Алайда, қазір олар тек достар екен. Ажырасуларының басты себебі – Ақботаның жасының тым кіші әрі ерке болуы деп түсіндірген еді. Сондықтан, Әлиден 2-3 жасқа кіші арулардың «шансы» көп секілді.

Тәуекел Мүсілім

Тәуекел Мүсілім. Иә, сымбатты жігіттің сұлуларға деген сынағы да, талабы да көп. Ең бірінші: бойы ұзын болу керек. Асылдың сынығы болашақта ұрпақтарының өзі секілді денелі, бойшаң болғанын қалайды. Екіншіден, анасына ұнауы қажет екен. Айтпақшы, Тәуекелдің өнердегі экс-ғашығы Гүлназ Жолановамен махаббаттары ұзаққа бармады. Бұл махаббат оған сабақ болғандай. Енді, Тәуекел болашақ жарының өнерден алыс болғанын қалайды.

Ануар Нұрпейісов

Аруларға деген талаптары қатал бойдақтардың бірі - Ануар Нұрпейісов. Байқауларда қыздардың киімі мен дене мүсініне емес, біліміне ерекше мән беретін жігіт болашақ қалыңдығының ақылына көркі сай болса деп қиялдайды. Бала кезінен шығармашылық адамы болуы армандаған Ануарды әкесі ғылыми мамандықтарға бейімдеген. Сүйікті фильмдері: «Форрест Гамп», «Человек дождя», «В погоне за счастьем», «Аватар». Хоббиі - шахмат ойнау, саяхаттау.