Картинка
Их жизнь

Сымбатты және еліктіргіш: Қазақстанның үздік 8 жас актері

Дәстен Шәкіров

"Қыз менің көңілімнен шығу үшін тауықтың етін қыздырып пісіріп берсе жеткілікті”.

Тагир Зарипов атындағы джаз музыкалық мектебінің оқушысы өнерге және музыкаға деген құштарлығына қарамастан Алматы қаласындағы Халықаралық бизнес академиясына «Қаржы» мамандығы бойынша ағылшын бөліміне оқуға түскен. Университетті бітірерден екі жыл бұрын Дәстен "Андрес" модельдік агенттігінде жұмыс жасай бастап, қысқа жарнама роликтерінде және клиптерінде түсе бастайды. Алғашқы рольге Дәстен "Жаным" сериалында ие болды. Бүгінгі күндері ол әкімдікте қызмет атқарады және жастар саясатының мәселесімен айналысады. Бос уақыт кезінде Дәстенді жүгіріс барысында немесе бассейнде кездестіруге болады. Дәстен үйленбеген.    

Тәуекел Мүслім

"Мен ұстанатын қағидат бар: жұмыста ешбір адаммен сүйіспеншілік қарым-қатынаста болмау. Әрине, бұлай уәде берудің қажеті жоқ. Бірақ мен жарымның шоу-бизнеске ешбір қатысы жоқ және одан бейхабар жан болғанын қалар едім. Мек тек келешекте той жасап отбасы құруға бағытталған шынайы қарым-қатынастың болғанын мақсат етемін. 30 жасқа келіп қалған шағымда жүрегімді жаулап алар қызды тауып, көңілім жайланады деп үміттенемін".

Актер және әнші Тәуекел Мүслімнің басты мамандығы – машина жасау бойынша инженер-механик. Алайда шоу-бизнес жас жігітке қызығырақ болып көрініп, қазіргі таңда ол Хабар телеарнасында "Жаңа күн" бағдарламасын жүргізеді. Сонымен бірге актерге "Махаббатым жүрегімде" атты қазақстандық сериалдағы басты рольдердің бірі берілді. Тәуекел ән айтып, сахнаға шығып, жүргізуші болудан басқа біраз уақыт бұрын продюсерлікпен айналысқан. Бұл ол үшін жаңа бағыт болып табылады. Алайда Тәуекел қысымнан және өзіне деген сенімсіздіктен арылып отыруға үйреніп алған. Тәуекелдің туған әпкесі модель болып қызмет жасаған. Әпкесінің кеңес беруі бойынша Kazakhstan Fashion Week-ке арналған кастингке алғаш рет барады. Тәуекелдің басы бос. Жас жігіт көп уақытын өзін-өзі дамытуға және жұмысқа арнайды.   

Асылхан Төлепов

"Кабинетке кіріп естігенім: "Қандай әдемі бала, бірақ батырға ұқсамайды... ". Шынымды айтсам, ештеңеге де үміттенгенім жоқ. Тіпті фильмді кім түсіріп жатқандығынан бейхабар болдым"!

Жүргенов атындағы колледжде актерлік факультетте оқып жүрген Асылхан Төлеповтың үшінші курста бағы жанды. Ақан Сатаевтың «Жаүжүрек мың бала» атты ірі көрінісінде Асылхан басты рольді сомдады: жауынгер және туған жерін қорғаушы ержүрек жас бала Сартайдың ролі. Жас актердің кумирі – Джеки Чан. Бір кездері Асылхан оның трюктерін қайталауға тырысып, табанды түрде спортпен айналысқан. Асылхан бос уақытын "Номад" атты каскадерлік топта өткізеді. Төлепов беделін түсіріп алмас мақсатында жарнама роликтерінде және сериалдарында түсуден бас тартады. Оның басты өмірлік ұстанымы үнемі еңбектенуге сүйенеді.   

Рауан Мұраталиев 

"Менің сүйіктім үнемі бос болмайтындығыма және экранда ғашық жан ролін жиі ойнауға тура келетіндігіме көнеді. Ол қаржы қызметкері және тәуекел-менеджері. Өте сындарлы адам. Неге қадам басқанын түсінді деп ойлаймын". 

Көпшілік көретін жастарға арналған "Вузеры" сериалында Рауан Мұраталиев қыздарға құмар адамның ролін сомдады. Ал шынайы өмірде ол өзін тартымды және қарапайым жан деп санайды. Жас жігіт «Агент Z» фильмінде құпия агент, «Вопреки всему» сериалында ғашық бала, ал «Сардар» атты тарихи драмада өжет батыр ролінде ойнап үлгерген. Рауанның ата-анасы, басынан-ақ, ұлдарының АТ-технология маманы болып, тұрақты жұмысқа ие болғанын қалаған. Алайда балаларының басқа университетке оқуға түсіп, режиссерлікті оқу шешіміне кедергі болмады.   

Жандос Айбасов

"Менің ойымша түсірілім барысында роман құру – ақымақтық. Тіпті кадрда сүйіскеннің өзі, мұның барлығы тек жұмыс үшін ғана жасалынады. Ешқандай сезімсіз".

Жандос Айбасовтың "Он и Она" фильміндегі алғашқы ролі актерді қажетті және танымал етті. Осы фильм көрсетілгеннен кейін актерге «Ограбление по-казахски» фильмінде түсуге ұсыныс жасалды. Кейін актер үш айға голливудтік-қазақстандық «Марко Поло» сериалының түсіріліміне аттанды. Жас жігіт актерлік мансап жайлы армандамаған. Режиссерлік қызмет туралы ой болған екен. Оқуды аяқтағаннан кейін бір уақыттары Жандос түсірілім мен клиптарды өңдеумен айналысқан. Қазір актер екі бағытты бірге ұстануға тырысады. Жақында Жандос оны шығармашылыққа ұзақ уақыт бойы шабыттандырған актриса Айсұлу Азимбаевамен қарым-қатынасын үзді.   

Әбілмансұр Серіков

Әбілмансұр "Небо моего детства" фильміндегі 14 жасар Сұлтанның ролін оның ата-анасынан – актерлер Серіков Әбунасыр және Серікова Лизадан берілген талант арқасында сомдады. Жас Әбілмансұрмен бірге фильмде әнші Бибігүл Төлегенова, актер Ержан Жарылқасынов және актриса Наталия Аринбасарова түсті. Көрініс президент Назарбаевтың балалық шағына арналған.  Осыдан кейін Әбілмансұрға «Біржан сал» фильміне түсуге ұсыныс жасалды. Жақында жас актердің жұбайы дүниеге ұл әкелді.   

Жәнібек Ақылбеков

Жәнібек Ақылбековке жастарға арналған "Познай себя" сериалында оқымысты студент ролін сомдау үшін Қарағандыдан Алматыға көшуге тура келді. Актерлік мансап басталмай тұрып Жәнібек өзінің туған қаласында «Фотомодель мистері» роліне ие болды. Конкурста барлығы сәтті өткеннен кейін Жандоспен продюсерлер хабарласып, оны кастингке қатысуға шақырды.  Бүгінгі күндері жас актер Алматы қаласында тұрады. Қолма-қол төбелеспен айналысады және Жүргенов атындағы өнер академиясында оқуын жалғастыруда.   

Самат Мамиев 

2011 жылы "Ел Арна" телеарнасында француздардың танымал "Элен и ребята" атты сериалына ұқсас "Асель, друзья и подруги" сериалының алғашқы маусымы көрсетілді. Басты рольдердің бірінде – актерлікпен енді айналыса бастаған Самат Мамиев және оған жұп ретінде белгіленген актриса Айсулу Азимбаева. Оқушыларға арналған сериалдың түсірілімінен кейін Самат "Нархоз" жобасына ауысты. Мұнда жас актердің алдында қиын тапсырма тұрды. Ол – романтикалық комедия мен мелодрамада ойнау. Қазір Самат сериал түсірілімінің екінші бөлімімен айналысуда және танымал қазақстандық брендтердің жарнама науқандарына қатысады.