Картинка
Их жизнь

Құралай ханым: "Ашу шашқаннан шашу шашқан дұрыс"

Құралай ханым, сіз Инстаграмдағы посттарыңызды қашан және қалай жаза бастадыңыз?

Мен  сегіз жыл бойы Қазақ Ұлттық Техникалық Университетінде мұғалім болып жұмыс істедім. Сол кезде күйеуімізбен қалада пәтер жалдап тұратынбыз. Балаларымды бағуға анам көмектесті. Екінші қызымды босанғада алты айдан кейін, үшінші қызымды босанғанда үш айдан кейін жұмысқа шығып кеттім. Жұмысымды сондай жақсы көретінмін! Бірақ 2008 жылы егіздерді босанғаннан кейін өз-өзіме үш жыл үйде отыруға уәде бердім. Ол кезде пәтерге сыймай, Қаскелен ауданындағы Қошмамбет ауылына көшіп кеткен кезіміз. Үйіміз кішкентай болғандықтан аулада үлкен үй сала бастадық.

Мен қол қусырып, түк істемей отыра аламын ба? Күйеуімнен кішігірім дүкен салып беруді сұрадым. Ең болмағанда саудамен айналысайын дегем. Үйіміз дәл көшенің басында орналасқандықтан сауда жақсы жүруге тиіс екенін түсіндім. Жыбыр-жыбыр етіп, тыныш отыра алмайтын адаммын ғой. Сауда мен ойлағандай жақсы жүріп, сол кішкентай дүкен аяғында екі үлкен дүкенге айналды.

Үйді салып біткен кезде қыздарым ауылда оқымаймыз деді. Енемді үш қызбен қалаға жібердік. Өзіміз егіздермен ауылда қалдық. Келесі жылы олар да мектепке баратын болды.  Оларды бірден қаланың мектебіне берейік деп, қалаға көшуге ыңғайландық. "Үйді не істейміз?" деген сұрақ туды. Сол кезде мен үйді балабақшаға айналдырайық деген ұсыныс тастадым. Күйеуім мен енем қарсы болса да, біртіндеп жиһаздарды сатып, балабақшаға қажетті жиһаздарға тапсырыс бере бастадым. Басында үйдің тек бірінші қабатын балабақшаға айналдырамыз деп жоспарлап қойғанбыз. Бірақ ол ашылмай жатып, 40 бала жазылып қойыпты. Сол кезде екінші қабатын да балабақша қылуға дайындалдық. Барлық бала-шағамды қалаға көшіріп, 40 баламен балабақша аштық. Қазір балабақшада 80 бала бар. Былтыр хореограф пен ағылшын тілі мұғалімін алдым.

Солай дүкеніме тауар алу үшін базар аралап жүргенде, балабақша ашқанда, неше түрлі әйелдерді көрдім: біреулері күйеуінен таяқ жеп жүр, басқалары ажырасып кеткен, тағысын тағы. Оларды көрген сайын, бар білеген ақылымды айта бастаймын. Біреулері 3-5 жыл бой менің айтқанымды тыңдап, жаса дегенімді жасап, оқы дегенімді оқып, өмірлерін өзгертті. Қазірдің өзінде «сіз маған Правдинаның кітабын оқы деп едіңіз ғой» деп естеріне түсіріп отырады. Сол шеңбер кеңейе бастады. Олар маған «Құралай, осы кеңестерді Инстаграмға жазыңызшы» деді. Солай мен бір жыл бұрын кеңестерді өз парақшамда жаза бастадым. Енді "кездесейік" деген сұраныстар көбейді.

Өзіңіз Правдинаны қашан оқып бастадыңыз?

Мен 2002 жылы екінші қызыма екіқабат болған кезде, ауруханада сақталуда жатқан едім. Қасымда жатқан қыздың кітаптары көп болды. Арасында Наталья Правдинаның кітабын көріп оқып бастап едім, бір сағаттың ішінде бітірдім. Ұнағаны соншалықты, «маған мына кітапты сатшы»  деп қоймадым. Ол сата алмайтын болды. Ауруханадан шықсам, базарда Правдинаның кітаптары толып тұр екен. Оның кітаптарып оқып алып, семинарларына бара бастадым. Түркия, Санк-Петербург, Мәскеу – семинар қайда өтсе, сол жерге барамын. Бірнеше рет бардым. Қасыма үлкен қызымды алып жүремін. Сол энергетиканы көрсін, өзіне сіңірсің деп. Сол шығар, қызымның жолы жеңіл.

Семинарлар арзан емес шығар. Күйуңіз сол семинарларға ақша берді ме?

Басында дүкеннен түскен ақшамен баратынмын. Одан кейін күйеуім де ақша бере бастады. Бірден емес әрине. Ол семинарлардың нәтижесін көріп, сене бастағаннан кейін.

Ал ол қашан сене бастады?

Семинарлардан, кітаптардан оқыған-тоқығанымды бірден жүзеге асыратын әдетім бар. Бірде, семинардан қайтып үйге бара сала тоңазытқыштың сыртына «я-магнит для денег» деген жазуды іліп қойдым. Күйеуім күліп, «мынаны айта берсең ақша өзінен өзі келе ме?» дейді. Мен «келеді» деп қоямын. «Неше рет айту керек?» деп сұрады. Мен «8 рет» дедім. Ол қалжын ретінде сегіз рет айтты да, далаға шығып кетті. Түн жамылып тұр. Көшенің бойымен кезінде біздің ауылда тұрған, кейін бай болып, қалаға көшіп кеткен бір ағамыз өтіп бара жатып, менің күйеуімді танып тоқтады. «Мен сені бала кезіңнен білемін ғой, ер жетіп мынандай үй салыпсың, бес балаң бар екен» деп, оған көрімдік ретінде 100 доллар тастап кетті. Күйеуім аң-таң болып үйге кіріп, «Құралай, мынау шынымен де жұмыс істейді екен» деді. Айта берсем, осындай ғажап нәрселер көп болды. Міне, сондай нәтижелерді көрген сайын, ол да сене бастады. Қазір менің дұғалар оқып, үйді аластағанымды көрсе таң қалмайды.

Дүкенге қайта оралайықшы. Күйеуіңізді дүкен салып беруге қалай көндірдіңіз?

Бұл ішкі стерженге байланысты деп ойлаймын. Сосын, мен дүкен ашқанда жүз мың ақша табамын деп ойлаған жоқпын. Ұсақ-түйек нан, құрттан бастадым. Бірақ әрқашан өзіме үлкен дүкен елестететінмін. Себебі пәтер жалдап жүрген кездері күйеуім бір аптаға бір мың теңге тастап кетсе, сол ақшаны бәріне жеткізуім керек. Ал дүкенге кірсең балалар бәрін сатып алғысы келеді. Сол кезде «шіркін-ай, мен дүкенге кіріп, балаларыма қалаған нәрселерін алып берсем ғой» деп ойлайтынмын. Солай ойлап, солай армандағанның арқасында казір осындай дәрежеге жеткен сияқтымын.

Шынын айтасам, сіздің ойлау қабілетіңіз  90% қазақ әйелдерінен өзгеше. Ол қайдан?

Кітаптардан. Одан басқа, әкемнің тәрбиесі шығар. Кішкентай кезімде қонақ келсе әкем мені орындыққа тұрғызып, Мұқағали ағамыздың өлеңдерін оқытқызып қоятын. Ағам екеуімізді екінші сыныптан бастап қалаға лагерьге жіберетін. Лагерьде ешкім қазақша сөйлемейді.  Орыс тілін үйренсін дегені ғой. Қаладағы туысқандарыма да сол мақсатпен жіберетін. Оқуымызға көп көңіл бөлген адам. Өзі ақылды, зерек еді. Мен мектепте оқып жүрген кездің өзінде ол «ертең әрбір үйде компьютер тұрады» деп айтатын. Мен оған сенбеймін. Әрине, қайдан сенесің? Ол кезде компьютер колхоздың бастығында да жоқ еді. Бірақ әкем бәрібір маған компьютер мамандығын таңдауға кеңес берді. Сондақтын, осы мамандыққа түскенім де әкемнің арқасы болса керек. Әкем қайтқаннан кейін оқуымды тастамауға анам себепкер болды. Қанша жұмыс жасасам да, оқуымды тастамақ түгіл, сырттай оқуға ауысуға рұқсат берген жоқ. «Қара су мен қара нан жесек те, сырттай оқу - оқу емес» дейтін.  

Неше жаста тұрмыс құрдыңыз?

19 жасымда. Бесінші курста тұрмысқа шықтым. Институтты бітіргенде неке қию туралы куәлік, диплом, баланың туу куәлігі – бәр де қолымда болды (күліп).

Енеңізбен қарым қатынасыңыз қандай?

Енем өте ақылды адам. Басқа әйелдер сияқты мен де тұрмыс құрғанда түрлі қиыншылықтармен кездестім. Әр отбасы одан өтеді ғой. Күйеуіммен ажырасып кетемін деген кездер де болды. Сол кезде енем басқа енелер сияқты баласын жақтап, маған «кетсең кет» деген жоқ. Қайта менің жағымда болды. Төрт баланы жалғыз өсірген соң әйелге  бала бағу қаншалықты қиын екенін біледі. Енеме ризамын. Ең бастысы, ол кісі жұрттың сөзінен қорықпайды, "жұрт не дейді?" демейді. Менің күйеуім оның кенже баласы. Үш ағасы бар, бәрі қалада тұрады. Біз де көшетін болғанда ауыл адамдары неше түрліні айтпайды ма: келінін жіберіп, анасын тастап кетті дегендей. Ол бірден «мені тастап бара жатқан жоқ» деп жұрттық аузын жапты.

Негізі мен енелер туралы көп нәрсе айтқым келеді. Ене болу да бір өнер. Қыздар маған «енем баламды бақпайды», «баққысы келмейді» дегенді жиі жазады. Сол кезде, "шіркін-ай, ене оқытатын оқу болса ғой", деп ойлаймын. Немересін баққысы келмейтін апаларды аяймын. Жалпақ тілмен айтқанда, елуден асқан адамдар ертең олардың артынын кім дұға ететінін, құран оқитынын ойлау керек.  Немересі оқымаса, кім оқиды? Сол себептен, немере баққаның ол болшаққа жасаған инвестицияң. Немерең бар ма? Бәрін бер! Ол ертең сенің артыңнан 50-60 жыл бойы дұға етіп өтеді. Соны жиырма бес жастағы қыздарға қазірден бастап үйрету керек.

Сіз өз жазбаларыңызда карманы тазарту, күнәлардар арылу туралы жиі жазасыз. Сол күналардан тазарудың ең тиімді жолы қандай?

Тамақ беру. Құстарды болсын, адамдарды болсын тамақтандыру. Біреу үшін емес, өзің үшін. Біз бір күні қонаққа бардық. Шақырған үйдің ауласында өзбек жұмысшылар бірдеңе салып жатыр екен. Үй иесі соларға кішігірім ыдысқа тамақ салып дайындап қойыпты. Аң-таң болдым. Қонаққа келген тоқ адамдарға астау-астау тамақ бергенше аш адамдарға берген дұрыс емес пе? Солай айттым дағы, үлкен табаққа қазысын, етін тығып, сорпа, салат, бауырсақтарды бөлек салып жұмысшыларға апарып бердім. Рахаттанып жеп алды. Біздің психологиямыз сондай: ел не айтады деп, келген адамдарға күшті қылып тамақ салып береміз, ал айтпайтын адамдарға қалай болса да солай саламыз.

Ал соңғы уақытта мен ақша түскен күні бірден тәтті кәмпит сатып алып, сөмкеме салып жүретін болдым. Ұнап қалған адамға бере саламын. Жанармай станцияларында, халыққа қызмет ету орталықтарында үнемі көңілі жөқ, жүйкесі қозған адамдар жұмыс істейді ғой. Алты баламды тегін бағып отырғандай жұлынып сөйлейді. Сондай адамдарға көңілі жайнасын деп тәттіден бере саламын. Сол кездегі түрлерін көрсеңіз! Жүзі жайнап, мүлдем басқа адам болып шыға келеді. 2-3 ай болды солай істеп жүрмін. «Кәмпитің керек жоқ, алып кет» деген адамды кездестірмедім. Адамдарға не керек? Көңіл керек. Ол сені ғана емес, бүкіл әлемді жақсы қылады. Ашу шашқаннан шашу шашқан дұрыс.

Құралай ханым, қазір нағыз еркектер азайып бара жатыр дейміз. Келісесіз бе?

Біздің ұрпақ – әйелдер баққан ұрпақ. Көп адамдардың әкесі соғыстан қайтпаған. Сол себептен біздің ұрпақты тәрбиелеген - аналар. Ол кезде әйелдер физикалық күшпен сыналды. Бүкіл ауылда еркек жоқ болғандықтан барлық ауыр жұмысты өздері атқарды. Ал қазіргі заманда әйелдің физикалық күші емес, энерегетикасы жоғары. Біз сол энергетиканы дұрыс жұмсап үйрену керекпіз. Ал көп әйелдер оны дұрыс жұмсай алмай, күйеуін өз энергетикасымен басып тастайды. Біз қазір ақыл-оймен сыналып жатқан уақытта өмір сүрудеміз. Миды жөндеу керек. Адам жата берсе арқасының барлығы ойық болып қалады ғой?  Сол сияқты адам миымен жұмыс істемесе, миы ойылып қалады. Сол миды шыңдау керек. Ол үшін түрлі тренинг, семинарларға баруға болады. Әйел адам энергетикасын, миын түзеу керек. Ал біз соны түсінбей, «жұмыс, жұмыс» дейміз. Күйеу барда әйел жұмсы істемеу керек. Әйел жұмыс істеген сайын төмендейді. Еркек көмір көтерген сайын күш жинайды, әйел ауру жинайды. Сол себептен әйел ер адамның жұмысын жасамау керек. Отбасын асырау ер азаматтың міндеті. Ал әйел әлсіз болу керек.

Сіздің кеңестеріңізді көп адамдар бәрібір түсінбейді. Ол үшін ойлау қабілетін түбегейлі өзгерту керек. Бұны қалай істесе болады?

Білмеймін. Бар білетінім, ол әр адамға әрқалай келеді. Мен студенттерге сабақ беріп жүргенде бір кітап оқығанмын. Қай кітап екені есімде емес, әйтеуір «пасажир автобуса, старше 30 лет – неудачник» деген сөйлем өзіме қатты тиді. Сол күні-ақ өз өзіме «бүгіннен бастап автобуспен жүрмеймін» дедім. Өз көлігім жоқ, таксиге көп ақша кетеді. Бірақ, сонда да сол шешімнен таймадым. Сол-ақ екен, ақша өзінен өзі табыла бастады. Қалтамда тура барып келуге жететін сома жатады. Ол күйуеге де байланысты емес. Өз қалауың болу керек. Өзіңе таксимен жүруге рұқсат ету керек. Алла тағала адамды күшті қылып жаратқан ғой. Қолымыздан келмейтініміз жоқ. Бірақ соны ұмытамыз. Әрине, қазірдің өзінде мен өзіме рұқсат етпейтін нәрселер бар. Бірақ мен соны өзгертуге тырысамын.

Құралай ханым, сіз жақында алғаш семинарыңызды ұйымдастырғалы жатырсыз. Құны 20 мың теңге. Қымбат емес пе?

Өмірін өзгерткісі келетін адам ақшаға қарамайды. Мен кезінде одан да қымбат семинарларға бардым. Менде талпыныс болды, еңбек еттім. 20 мыңды қымбат дейтін адамдарға айтарым: арзан тамақтың тұзы дәмсіз болады. Қазақ әйелдерінің 90 пайызы әлі ұйықтап жатыр. Көзі ашық, көкірегі ояу адамдар аз. Маған жақында бір адам «Құралай ханым, сіз бір отбасын сақтап қалдыңыз» деп жазды. Сөтсем, соны жазған адамның әйелі менің посттарымды оқып, өзгере бастады. Төрт айдың ішінде мүлдем басқа адам болып шықты. Сол хатты оқып, бір жыл бой жазып жүрген посттарым бекер емес екенін түсіндім. Бәрінің болмаса да, бір адамның өмірін өзгертсем, бұның өзі үлкен жетістік. Себебі өзіңді өзгерту – үлкен еңбек. Адамдар маған тым көп жазасың деп, посттарды оқуға ерінеді ғой! Ондай адамдар кітапты мүлдем оқымайды. Мен де өмірімде көп қате жібердім. Бірақ өзгере алдым. Тек ерінбей еңбек ету керек.

Қалай дұға ету керек?

Мен үшін дұға қылу әдетке айналған. Күйеуімнің киімін үтіктеп жатып, аяқ киімін тазалап жатып «жорытқанда жолы болсын» дегендей дұға қыламын. Балаларымның киімін жуғанда «бар жаман мінездері осы кірмен кетсін» деп дұға жасаймын. Сол дұғалардың арқасында өмір жақсарады.  

Сіздің айтқаныңыз бір ертегі сияқты. Ал күйеулері ұратын әйелдер бар ғой. Олар да дұға жасау керек пе?

Күйеуді түзеу үшін оның жақсы қасиеттерін байқау керек. Мен кезінде бір бет парақты екіге бөліп, бір жағына күйеуімнің жақсы қасиеттерін, екінші жағына жаман қасиеттерін тізіп жазатынмын. Уақыт өте бірінші баған толып, екінші баған азая бастады. Күйеуді жамандай бергеннен ол жақсы болмайды. Қыздарға да ылғи айтатыным сол: күйеулеріңді жамандамаңдар! Жақсы көріп үйрену керек. Ең бастысы, өзіңді жақсы көріп үйрен. Мәселенің бәрі сонда. Өзін жақсы көретін әйел өзін ұрғызбайды. Семинарда ол турлы толығырақ айтамын.

Әйел ханым болу керек. Өзге адамар үшін емес, өз отбасында ханым болу керек. Ханым дәрежесіне жету үшін аянбай еңбек ету керек. Маған жазатын әйелдердің көбісі ерінеді. Осы дұғаны оқысам көмектеседі ме? Осылай істесем, шынымен де былай болады ма? Істемей жатып, нәтижені талап етеді. Менде ондай болған жоқ. Бір дұғаны 108 рет оқы десе, мен оқимын. Маған не айтса, соны істеймін. «Ол көмектесе ме?» деп  сұрамаппын. Айтқым келгені, кез-келген еңбек ақталады.

Құралай ханы, сізде «менде бәрі жақсы, көз тиіп қалу мүмкін» деген ой болмай ма?

Ол - қорқыныш. Қорқыныш шайтан сияқты. Одан құтылу керек. Ол үшін арнайы дұғаларды оқыған абзал. Көзге байланысты тағы айтарым: әр кәсіптің өз иммунитеті бар. Сол сияқты көпшілік алдында жүретін шоу-бизнес жұлдыздары болсын, саясаткерлер болсын, олардың көз тиюге қарсы иммунитеті бар деп ойлаймын. Судан қақалып өлерсің, бірақ көз тигеннен өлмейсің.