Картинка
Новости

Мөлдір Әуелбекова тұрмыс құрды

4 желтоқсанда КешYou тобының бұрынғы әншісі Мөлдір Әуелбекова қара шаңырағынан ұзатылған еді. Ендігі үлкен тойды Мөлдірдің жанкүйерлері асыға күткен болаты. Екі тойдың арасында әнші Comode сайтына берген сұхбатында тойдың шымылдығын көтеріп, біраз құпияларымен бөліскен.

Той киелі Тараз шаһарында өтіп, талай өнер жұлдыздарыңың басын біріктірді. Олардың ішінде жақында ғана шаңырақ көтерген Асхат Садырбай, әнші Мейрамбек Беспаев, Райым Уайыс, Меруерт Мүсрәлі, Жанар Айжанова, Ұшқын Жамалбек және тағы да басқалары болды. Қыз жолдас қызметін Мөлдірдің жақын құрбысы Санди Бексырға атқару керек болғанымен, тойға таман жоспарлар өзгергені көрінеді. Қыз жолдас болған Жанар ханымның қызы - Айжұлдыз Адайбекова.

Естеріңізге сала кетейік, Мөлдір көйлегін Астанада орналасқан отындық Assyl Bridal дүкенінен алған болатын. Арыстан есімді әншінің жары шоу бизнеске қатысы жоқ адам.

Той ұйымдастырумен жас жұбайлар өздері айналысты. Пресс қабырғаны таңдау, тойбастар іздеу, тойды безендіру шараларын да Мөлдір мен Арыстан өздері атқарды. Кіре берістегі бақыт ағашы - Мөлдірдің домбырасының авторы, ағаш өнерінің шебері Ердос есімді ағамыздың сыйы.

Comode редакциясы жас жұбайларды құттықтап, баянды махаббат тілейді.