Бұл туралы Лидияның ұлы Дидар Кәден өз инста парақшасында жариялады. Былтырғы күзде өткен тойдың суретін салып, "Үшеу едік, төртеу болдық! Аллаға сансыз шүкір! Құттықтауларыңызға раxмет! Сүйдім", - деп жазды Дидар.
Дүниеге келген болашақ батырдың салмағы 3600 гр, бойы 54 см. Ана мен бала өзін жақсы сезінеді. Шоу-бизнестегі жора-жолдастары Дидар мен Айымды құттықтап, ақ тілектерін білдіруде.
Естеріңізге сала кетейік, Дидар мен Айымның тойы 2015 жылдың 8 қарашасында өтті. Дидар - жас актер және әнші. Айым Алтынбекова - танымыл beauty блогер.
gallery
Comode ұжымы Кәденовтар отбасын бұл мерекемен құттықтап, баланың бауы берік болсын деп тілейді.