Отандық жұлдыздар соңы уақытта корей косметикасын қолданғанды жөн көреді. Көңілдерінен шыққан өнімдерді инста парақшаларында жарнамалайды. Біз жұздыздардың парақшаларына шолу жасап, олардың қандай өнімдерді қолданатынын тексердік.
Баян Есентаева
Баян Мақсатқызы оқырмандарымен көбінесе өзінің бет күтіміне арналған өнімдерімен бөліседі. Бет терісін жас күйінде сақтау - үлкен жұмыс екенін жиі айтады. Өзі қолданатын өнімдердің суретін жүктеп, сипаттама беруден жалықпайды. Продюсердің бет әлпетіне қарап, біз оған сенеміз.
Кәмшат Жолдыбаева
Кәмшаттың оқырмандары көп жағдайда әншінің шаш күтіміне байланысты сұрақтар қойып жатады. Кәмшат шаш күтімінде корей сусабындары мен бальзды қолданатынын жасырмайды. Өзінің инста парақшасында Кәмшат келесі кеңес береді: "1. Vitalaizing energy shampoo шаш ластанғанын тез ашып, қан айналымды жақсартады.
2. Маска. Тазарған шаштың терісінен бастап бүкіл бойына жағып , уқалаймыз. 4-5 минут жетеді, одан артық тұрса да жақсы.
3. Менің сүйікті күтім косметикасына айналған - эмульсия. Бас жуып болғаннан кейін бас терісіне жағамыз, уқалаймыз, орамалмен орап қоямыз. Содан кейін басталады: шаштың түбірі шымырлап ашиды. Қан жүгіріп, түбір қатаяды. Оны жуу қажет емес.
Маған ұнайтыны, құны жағынан да қолжетімді. Шамам келгенше таңдауыммен бөлістім. Қалғаны өздеріңіздің қолдарыңызда. Ең бастысы - ерінбеу".
Әнші бет күтіміне де міндетті түрде көңіл бөледі. Бұл орайда да Кәмшат корей косметиксын қолданады.
"1. Түймедақ қосылған тазартушы май FOREST GARDEN CHAMOMILE CLEANSING OIL. Құрғақ терілелірге таптырмас тазартқыш сұйықтық ! Бетіңе уқалап , жылы сумен жуып тастайсың, ешқандай май қалмайды.
2. Келесі қадам - тоник. SHEA BUTTER TONER. Ши майы бар тоник. Бетке шашып , мақта дискілерімен сүртіп аламыз ! Ол да құрғақ және қалыпты теріге арналған.
3. Бұл фирманың маскалары өзіме қатты ұнайды ! Бірден теріні қалыпқа келтіреді Манго, авакадо, какао, арган майы, алоэ... әр түрлі
4. Крем GINSENG ROYAL SILK. Мақтауға тұрарлық крем ! Құрамы да күрделі , нәтижесі де жақсы !" дейді әнші.
Ерке Есмахан
Корей косметикасының тұрақты тұтынушысы - Ерке Есмахан. Өз интса парақшасында үнемі өзіне ұнаған өнімдермен бөлісіп, былай дейді: "Менде айтарлықтай құпия жоқ, күн сайын шашыммен айналыспаймын да! Аптасына 3 реттен артық жумаймын! Жиі жуылған шаш тез майланатын болады. Жуу процесі 3 бөліктен тұрады: шампунь, арнайы бальзам және маска. Бальзам мен масканы 10 минуттан жағып қойып, бұл уақытта өзім суға түсем! Арнайы жерлерге барып келгеннен кейін шашыма сіңген түрлі иістерден (темекі, тамақ) спрей құтқарады! Айына 1 рет сән салонында ұштарын қиып, бояп тұрамын! Бастысы, шашымды жақсы көрем!"
Жұлдыз Өмірғали
"КешYou" тобының қыздары ерекше күтімді талап етеді. Ең көп сұранысқа ие қыздар әрдайым әдемі болып жүру керек. Сол себептен Жұлдыз Өмірғали корей косметикасына тоқталды. Әнші өзінің инста парақшасында бірнеше рет бет күтіміне байланысты кеңестер жазғанда, корей косметикасын қолданатынын айтып өткен болатын.
Әсем Нұрсеитова
Үш баланың анасы Әсем әрдайым жайнап жүреді. Дизайнер бет күтіміне қарағанда шаш күтіміне көп көңіл бөледі. "Мен үйден шаш үлгісін дұрыс жасамай, шыға алмаймын" дейді Әсем. Оның шаш күтімінде корей косметикасының шашты ылғалдандыратын сперейі бөлек орын алады. Әсем бет және дене күтімін де қатаң бақылайды. Бұл жерде де ол корей косметикасын таңдайды. "Корей косметикасымен таныспас бұрын мен иекті отасыз лифтинг жасауы мүмкін екенін білмедім" дейді Әсем.
Лидо
Корей косметикасын қолданатын жұлдыздардың арасында әнші Лидо да бар. Өзінің айтуы бойынша, соңғы кезде қолданып жүрген бет күтіміне көңілі толмай, корей косметикасына көшті. Әнші және дизайнердің мәрмәрдай бетіне қарағанда корей косметикасы өз міндетін жақсы атқаратын сияқты. Сонымен қатар Лидо шаш күтіміне де көңіл бөлуді ұмытпайды. Бұл емдік қасиеті бар балдан жасалған маска және шөп негізіндегі сусабындар.
Луина
Соңғы кезде сахына төрінен жоғалып кеткен Луина корей косметикасымен пайдаланып жүргеніне біршама уақыт болды. Әншінің инста парақшасына салған суреттері мен жазуларына қарағанда корей косметикасы оның көңілінен толықтай шығады.
Айдана Меденова
КешYou-дың ескі де, жаңа да құрамындағы қыздар корей косметикасын таңдағанда Айдана шетте қалады ма? Әрине, жоқ. Айдана Меденова да корей косметикасының тұтынушысы. Түрлі крем және маскалар әншінің косметика қорабының тұрақты тұрғындары.
Мақпал Жүнісова
Қазақтың ерке қызы Мақпал Жүнісова жастардан қалыспайды. Әншінің бет әлпетінің сұлулығын сақтауға корей косметикасы көмектеседі. Осыдан 3 күн бұрын ғана әнші Алматының дүкендерінің бірінен сүйікті шаш бояуын алып жатқанда суретке түсіріліп қалды.
Әсем Жакитаева
Әншілік саладан кино өнеріне ауысып кеткен Әсем де корей косметикасыны тұрақты қолданушысы. Әсем өзіне ұнайтын өнімдерді жариялап, оларды қолданғаннан кейінге нәтижесін де жүктеп, лайк жинайды.
Гүлнұр Мамасарипова
Shine Production продюсерлік орталықтың атқарушы продюсері Гүлнұр Мамасарипованы жұлдыздар қатарына жатқызбаса болмайды. Әсіресе, тұған күнінде өткен "Гүләпше" шарасынан кейін. Гүләпше де корей косметикасының тұтынушысы.
Қарақат Әбілдина
4 баланың анасы Қарақат өзінің келбеті мен дене сымбаттылығында талай жас қыздарды артта қалдырады. Әрдайым сұлу болып жүретін әншінің құпиясы корей косметикасы ма екен?
Алуа Қонарова
Осы кезге дейін бетіне бір ота жасатып көрмеген продюсер өз жасынан әлдеқайда жас көрінеді. Алуаның айтуынша ол косметологтарға өте сирек барады. Бет күтіміне келгенде корей косметикасын қолдануды жөн көреді.
Алтынай Жорабаева
Алтынай Жорабаева түрлі корей косметикаларымен қатар иек жиегін қалыпқа келтіретін масканы ұнатады. Әншінің сымбатты келбетіне қарасақ, бұл маска шынымен де жақсы нәтиже беретіні көрінеді.
Бағым Мұхитдинова
Баянның туған әпкесі Бағым да корей косметикасын қолданушылар қатарын толықтырып жүр. Есентаев әулетінің қыздарынан сұлу болудың сырларын білетін сияқты. Олардың бірі - корей косметикасын қолдану.