Әнші болу оңай емес. Беттегі бір қабат бояу, гастрольдік сапарлардағы қолайсыз жағдайлар, ұшақтың құрғақ ауасы ешбір теріге жағымды әсер етпейді. Сондықтын, Кәмшаттың ең көп мән беретіні - бет күтімі. Әншінің ең жиі беретін кеңестері - бет терісін тазалау және ылғалдандыру.
Кәмшат бет терісін тазалауда түрлі скрабтардан басқа арнайы салондық процедураларға жүгінгенді жөн көреді. Солардың бірі - карбон пилингі. Бұл процедура бет терісінің жасаруына, жаңаруына, қалыпқа келуіне, бет түсінің жақсаруына көмектеседі. "Ешқандай ауыртпайды, керісінше, кей кезде қытығым келді. Бұл процедурадан кейін беттін пораларын тарылтатын маска істеледі. Нәтижесі - тегіс, әдемі, күтінген тері!" - деп жазды әнші.
Кәмшат ұсынатын пилингтың келесі түрі - жеміс пилингі. Құрамында қандай да бір жеміс сығындылары, экстракттары, т.б. бар күтім құралдары теріні "оятып", нәрлендіретіні белгілі. Сол себептен болар, әнші бұл күтім түрін төтенше жағдайда пайдаланады: "Кей кезде жұмыстың көптігі соншалық, өз-өзіме көңіл бөлуге уақыт болмай кетеді! Шаршағанымның бәрі бірден көрініп тұрады. Осындай кезде лезде өз нәтижесін беретін, теріні балғын ететін процедураларды іздейсің! Сондай процедуралардың бірі - француздық Guinot маркасының "фруктовый пилинг" Beauty neuve . Өте керемет әсерін береді! Терінің беткі қабаты жаңарады, соның арқасында жасалатын маска өте терең сіңеді!"
Құрғақ теріге майлыға қарағанда тез әжім түсетіні белгілі. Сол себептен Кәмшат өз оқырмандарына мимикалық немесе терең емес әжімдерден құтылуға мүмкіндік беретін ультрадыбысты лифтинг процедурасын ұсынады. "Бұл процедураның кереметі бет терім бір жасарып қалғандай болды", - дейді Кәмшат.
Жоғарыда айтылғандай Кәмшат бет терісін ылғалдандыратын кремдермен үнемі бөлісіп отырады. Бұл орайда ол корей косметикасына жүгінгенді жөн көреді. Әншінің ең соңғы сатып алған өнімі Missha фирмасының Super Aqua линиясы. Кәмшаттың айтуынша бұл құрғақ теріге таптырмас күтім: "Пайдаланып жүргеніме көп болған жоқ, бірақ одан кейінгі терімнің жағдайы ұнайды. Тонигі де, кремі де қою, құрғақ теріге жақсы сіңеді! Ең бастысы, өте жақсы ылғалдандырады, нәрлендіреді".
Крем ол - бір бөлек, ал маска - бір бөлек. Бетке арналған маскаларға келгенде, Кәмшат өзі жасайтын какао маскасы мен картоп маскасын таңдайды. Какао маскасы құрғақ теріні ылғалдандырады, шаршаған теріні сергітеді, дақтары көп теріні ағартады, ал майлы теріні қалыпқа келтіреді. Жасау тәсілі: "1 шай қасық какао және дәл сол көлемде зәйтүн майын араластырып бетке (негізі мойынды да қалдырмаған жөн) жағамыз да, 20 мин. кейін жылы сумен жуып тастаймыз ! Өте жеңіл."
Картоп маскасының жасалу тәсілі: "Піскен картоптан (буға піскені дұрыс) езіп, пюре істеп, 1 ас қасық көлемін аламыз. Оған кішкене сұйық май (зәйтүн майы болса тіпті жақсы), жарты қасық бал және жұмыртқаның сарысын қосып, араластырып бетке, мойынға жағамыз да, 15 минуттан кейін жуып тастаймыз. Одан кейінгі нәтиже таңғаларлық!"
Сонымен қатар әнші картоптан безеуге қарсы да масканы жасауға болатынын айтып, жасалу жолын ұсынады: "Шикі картопты үккіштен өткізіп, 2 ас қасық көлемін 1 шай қасық лимон шырынымен араластырамыз. Шикі картопты дөңгелетіп кесіп, көзімізге қойып 10-15 мин жатсақ, ісікті, көздің айналасындағы көгергенді, әжімдерді кетіруге пайдасы зор."
Кәмшаттың сұлулығының тағы бір құпиясы - жасанды шаш, қас не кірпік салмауы. Жабыстырмалы кірпіктің орнына әнші кірпік ламинациясына жүгінеді. Бұл процедура адамның өз кірпіктерін көтеріп, табиғи сұлулығын сәл-сәл айқындап қана қояды.
Кәмшаттың шаш күтіміне келетін болсақ, бұл жерде де әнші корей косметикасына жүгінеді. Ол бірнеше сатыдан тұратын күтім. "Шаш күтімінде басты міндет - шаш түбірін қатайтып, күш-қуат сыйлап, шаш бойын тегістеп, жалтырату. Оған мына өнімдер көмектеседі: 1. Vitalaizing energy shampoo - шаш ластанғанын тез ашып, қан айналымды жақсартады. 2. Маска. Тазарған шаштың терісінен бастап бүкіл бойына жағып, уқалаймыз. 4,5 минут жетеді, одан артық тұрса да жақсы. 3. Эмульсия. Бас жуып болғаннан кейін, бас терісіне жағамыз, уқалаймыз, орамалмен орап қоямыз. Содан кейін басталады: шаштың түбірі шымырлап ашиды. Қан жүгіріп, түбір қатаяды. Оны жуу қажет емес."
Одан басқа әнші шаштың күтімінде шашқа арналған мезотерапия процедурасының маңызды екенін айтып өтті: "Шаш түбірін витаминдермен қамтамасыз ететін мезотерапия. Майлы шаш, құрғақ, қайызғақ, шаштың түсуі, өңінің кетуі ... т.с.с. кез келген мәселені шешеді. Бірінші рет болған соң біраз қорқып "үркідім", бірақ процедура ауыртпалы емес: көрінер-көрінбес инемен пайдалы "коктейльді" бас терісіне енгізіп шашты түбірінен емдейді. Осылай кем дегенде 5 рет курс өту қажет. Мен кейінгі уақытта нәтижесімен өздеріңмен бөлісіп отырамын."
Дұрыс тамақтану мен физикалық жаттығуларсыз барлық күтім зая кететінін әнші жақсы біледі. Сол себептен әнші оқырмандарын дұрыс тамақтануға шақырады. Өзі аптасына кем дегенде 2 рек балық жейтінен айтады. "Құрамы жағынан пайдалы май omega3, аминқышқылдар мен дәрумендерге, ақуызға бай, жеңіл, жүрек, қантамыр басқа да аурулардың алдын алатын, тб., тсс..... бұл - балық !!! Әсіресе теңіз балығы ! Әсіресе буға, суға, бұқтырылып, көкөністермен дайындалған балық! Теңіз өнімдерін тұтынатын елдердің халқы өмір сүру ұзақтығымен ерекшеленеді! Менің берер кеңесім: аптасына кем дегенде 2 рет балық жеп тұруга тырысыңыздар ! Дені сау, сымбатты болыңыздар! Асқазанның саулығына да мән беру керек , өйткені терінің жағдайы тікелей асқазанмен байланысты боп келетінін косметолог тағы да есіме салды", - дейді әнші.
Сонымен қатар, өзінің сүйікті, жиі жейтін салатының дайындалу тәсілімен бөлісті: "Менің жақсы көретін салаттарымның бірі қырыққабат, ақжелкен, аскөк, жасыл жуа және зәйтүн майынан дайындалады. Өте жеңіл және, шыны керек, дәмді. Ал ең негізгісі қырыққабат құрамында барлық дәрумендер бар. Әсіресе, асқазаны ауыратын жандарға көмегі зор. Басты сұлулық - денсаулық. Дендеріңіз сау болсын!", - деп тілейді әнші.
Ал дене сымбаттылығын сақтауға көмектесетін жаттығуларды әнші көп жағдайда дене шынықтыру залына барып жасағанды жөн көреді.