Тәуекел Мүслім мен Бауыржан Сатов
Бұл екеуін жаратушының өзі қосқан сияқты. Екеуі де сымбатты, сұлу, денелі, дарынды жігіттер. Екеуі де әнші, актер, модель және тележүргізуші. Тәуекел мен Бауыржанның достығы мектеп табалдырығынан басталды. Осы жылдың жаз маусымында өткен Бауыржанның үйлену тойында "күйеу жолдас кім болады?" деген сұрақ ешкімде туындаған жоқ.
Асылхан Төлепов пен Аян Өтепберген
Бір колледжде оқыған екі актердың достығы 2008 жылы басталды. Бірге кастингтерге қатысып, бірге бақ сынады. Бірақ, нағыз танымалдық екеуіне «Жаужүрек мың бала» фильмінен кейін келді. Қазіргі кезде екеуі де кәсибі мамандықтарын жалғасытырып, сұранысқа ие актер жігіттердің қатарында. Бастары бос, айтпақшы.
Аша Матай мен Малика Усупова
Малика мен Аша 2010 жылы Баян Есентаеваның кіші қызы Айарудың туған күнінде танысты. Алғашында тек әлеуметтік желіде басталған достық уақыт өте өмірде де жалғасты. Ақша тапшылығынан модель жалдамаған Маликаның алғашқы киім топтамасына Аша өзін модель ретінде ұсынып, тығырықтан шығатын жол тапты. Екеуінің «Сынақ» бағдарламасына қатысықан санын көргененнен кейін, бұлардың шын достығында ешкімнің күмәні қалмайды деп ойлаймыз.
Кенжебек Жанәбілов пен Нұрхан Кәдірбаев
«МузАРТ» тобының әншісі Кенжебек пен отандық үздік актер, тележүргізуші, әрі асабалардың бірі Нұрхан 2004 жылы танысты. Ол кезде Кенжебек Алматының мейрамханаларының бірінде ән айтып жүрген, аты шықпаған әншілердің бірі болатын. Ал Нұрхан сол мейрамхананың жиі қонағы болған. Бір жылдан кейін Кенжебек «МузАРТ» тобының құрамына кіреді. Гасторльдік сапарлар мен конценттер көбейіп, уақыт тапшылығынан екеуінің арасы суып кетеді. Бірнеше жылдан кейін ғана жаңа қоныс алған Кенжебек ескі досын қонаққа шақырып, екеуінің достығы қайта жандана түседі. Қазіргі кезде екеуі де көп балалы әкелер. Достықтарын әйелдері мен балалары жалғастырып келеді.
Нұржан Керменбаев пен Рыспек Аташ
«Арай» тобын құрмас бұрын Медет пен Рысбек те мейрамханаларда ән айтатын әншілердің қатарында болды. 2007 жылы Медет Рыспекты Нұржанмен таныстырды. Үшеуі ұзақ уақыт бойы дос болып, тіпті бірнеше жыл бір пәтер жалдап тұрған. Қазіргі кезде Нұржанның да, Рысбектің де жағдайлары әлдеқайда жақсы, ал достықтары бұрынғыдан да берік. Екеуі де отбасылы болып, енді жанұяларымен араласады.
Дильназ Ахмадиева мен Мақпал Исабекова
Отандық эстрадамыздың екі ең жарқын жұлдыздарының достығы туралы білмейтін адам қалмаған шығар. Бұл достықтың бастамасы сонау 2003 жылы өткен алғашқы "Super Star KZ" жобасынан кейін қаланып, әлі күнге дейін жалғасуда.