Серік Акишев – Марика және Айлин есімді екі қыздың әкесі. Серік өз қыздарын өте қатты жақсы көреді. Үлкен қызын шаңғы теуіп үйретті. Жиі-жиі жұмысына да алып жүреді. Кенже қызы үшін қызықтың бәрі әлі алда.
Отандық әнші Мейрамбек Беспаев да Кәусәр есімді қызының өміріне белсенді араласып жүр. Оны мектепке шығарып салады, жиналыстарына барады, бірге тақпақ жаттайды. Ал Кәусәр анасымен бірге әкесіне арнап қолдан құттықтау қағаздарын жасайды.
Реппер Дилани және онын қызы Амелия – нағыз идилия көрінісі. Диланидың ойынша ұлды болу –бақыт, ал қызды болу – жаратушының сыйы. Жақын арада әнші қызымен бірге фотосессияға тапсырыс берді. Айтпақшы, кішкентай Амелия нәзік жан сияқты көйлек таңдаумен қатар, ер бала сияқты балабақшада төбелес те шығара алады.
Алмас Кішкенбаев осы жылы екінші рет әке атанды. Туған нәрестені ешкімге әлі көрсетпеді. Оның қасында Алмастың тұңғыш қызы Зере әкесінің оқырмандарыны жаулап алған сияқты. «Балапаным, өмірім, ботақаным, помпосям» деп, Алмас қызын еркелетуден жалықпайды.
Олимпияда чемпионы Илья Ильинның жалғыз бір әлсіз жері бар. Ол – қызы Милана. Илья отбасына көп көңіл бөліп, Милананы спортқа тартып, бос уақытында қызымен бірге сэлфи жасап тұрады.
Әлішер Елікбаевтың қызы Дария жасына қарамастан әкесімен бірге шет елдердің біразын аралап үлгерді. Әлішердің айтуынша, көбірек лайк жинау мақсатында кейде қызымен бірге түскен суреттерді жүктеп қою керек. Әкесінің сөзіне сенетін болсақ, Дария - анасының қызы. «Бірақ, ол мені құшақтағанда, бақытымнан басым айналып кетеді» дейді атақты пиар маманы.
Шоумен Кирил Мейстер 2015 жылы ең керемет сыйлыққа ие болды. Қантардың бірі күні дүниеге оның қызы Каролина келді. Бақытты әке қызымен көбірек уақыт өткізуге тырысады. Екеуі бірге серуенге шығып, Іле Алатаудың табығатына тәнті болып, тіпті сайлауға да барады. Кирилдың айтуынша Каролинаны мұрнынан бір иіскегенде, шаршағаны бірден басылып, бойына қуат алады.
Ringo тобының әншісі Әділжан Ұмаров Аиша есімді қызын еркелетіп Панда деп атайды. Әншінің инстаграм парақшасында Аишаның алғашқы қадамдары, балмұздақ жеген сәттері, сурет салып отырған кездері бейнеленген.
Клипмейкер және музыкант Валерий Задарновский жұмыс бабымен сапарларға жиі шығатын болғандықтан, бос уақытын отбасымен өткізгенді жөн көреді. Осындай сәттерде оның Амели есімді қызы әкесінен бір қадам алшақтағысы келмейді.
Ерлан Көкеев жұмақтан орын дайындап қойды. Оның 3 қызы бар. Үлкен қызы Әйкерім Қытай мемлекетінде жоғарғы білім алуда, ал кіші қыздары Рената және Сәтті Алматы қаласының мектептерінде оқып жүр. Осыдан екі күн бұрын Ерланның отбасында көптен күткен қуаныш болды – отандық әнші ұлды болды!