Осыдан бір апта бұрын әнші Бүркіт және оның жұбайы Аиша сәбилі болды. Ал кеше, дәл сондай қуаныш Майғазиевтер әулиетінде орын алды. Әншінің жары дүниеге үшінші баланы алып келді. Ол туралы Сәкен өзінің инстаграм парақшасында жазып, жаңа туған қызының өзіне ұқсайтынын да айтып кетті: "Аса қадірменді достар,құттықтауларыңызға мың алғыс!АЛЛАға сансыз шүкір, қыздарыңызды иіскеп шықтым. Айтса-а-аң мақтанғандай боласың, айнымаған өзім. Анасының жағдайы жақсы .Сіздер де той көріңіздер.АЛЛА ұлық!"
Әнші бір сұхбатында көпбалалы әке атанғысы келгенін айтқан еді. Енді, тілегі қабыл болып, еліміздің демографиясына үлесін қосып жатыр. Естеріңізге сала кетейік, Сәкен мен Динараның Әділет есімді ұлы, және Райана есімді қызы бар.
Comode редакциясы Майғазиевтер отбасын сәбилі болуларымен шын жүректен құттықтап, отбасылық бақыт тілейді.