Картинка
Их жизнь

Арман Коңырбаев және Аша Матай: махаббат дастаны

Арман Қоңырбаев

Біз Аша екеуіміз «Сынақ» бағдарламасына қатысқанда, мен оның нәзік жан екенін байқадым. Бірақ нәзіктігіне қарамастан, ол ер мінезді қыз. Бұл бірден байқалды. Негізі, екеуіміз бір-бірімізді бұрыннан білеміз, ол жалпы, бүкіл Қазақстанға танымал адам ғой. Концерттерден гөрі салтанатты жиындарда жиі көрісіп тұратынбыз. Боташаны мен басында жай адам ретінде ұнататынмын. Әсіресе, маған оның тәрбиесі, әрдайып көтеріңкі көңілде жүретін әдеті, достарына қол ұшын созуға дайын тұратыны ұнады. Ең қызығы, Ашаның ойында өзінің болашақ жарының образы бар еді. Мен де болашақ қалыңдығымды басқаша елестетіп жүрген едім. Оны еш уақытта шоу бізнеспен байланысты болады деп ойламаппын. Әрине, белгілі бір қатал талаптар болған жоқ, дегенімен, мен де, ол да өз ойымызды өзгерттік.

Уақыт өте біз бір-бірімізді жақынырақ біле бастадық. Басында жай адам ретінде ұнатып жүрген мен,  енді оны қыз ретінде ұнаттым. Біздің арамызда кейде қызғаныш сезімі де болып тұрады, бірақ мен Ашаға  да, өзіме де сенімдімін. Арамыздағы маңызды сұрақтарды екеуіміз бірден талқылап алдық. Болашақта оларға қайтып оралып, дау шығарып жатпайық деген оймен. Мен Ашаға сахнаға шығып ән айтуға, не болмаса теледидарға шығып тұруға еш тыйым салған жоқпын. Жанымыз қалап тұрса қайта екеуімізі бірге ән айтып, гасторльдік спарларға аттансақ болады. Жалпы өзім барлық адамдармен тіл табысқанды жөн көремін.

Ата-анам мен Ашаның танысуы жақсы өтті. Әрине, мен де, әке-шешем де кішігірім қобалжыдық. Ең бастан-ақ олар Ашаны «жұлдызданып» кеткен ерке қыз ба деп қорқатын. Рас, Ашаның мінезі бар, бірақ сонымен қатар ол өте қарапайым. Тамақ дайындау немесе ыдыс-аяқты жуып тастауды қиынсынбайды. Ата-анам басқаша ойлағанымен, танысқан сәттен-ақ өз ойын өзгертті. Жақынырақ танысқаннан кейін олар да Ашаны ұнатты. Боташа жиі эмоцияға берілетін жан болғанымен, ол ешқашан шектен тыс шықпайды. Отбасындағы ер адамдарға қарсы келмейді, әрдайым сыйлайды: әкесін же, ағаларын да.

Көп ұрсысамыз деп айта алмаймын. Қайта екеуіміз де басылып алғаннан кейін, мәселені сөзбен шешуге тырысамыз. Ашаның мінезіне біршама уақыттан кейін ғана үйреншікті болдым, себебі оған дейін ешбір қызбен ұзақ уақыт жүрген емеспін. Көбінесе өзімді ғана ойлайтынмын. Дегенімен, Аша екеуіміз ұқсаймыз: көзқарасымыз, ойымыз бірдей. Тіпті бір мезетте екеуіміз бір нәрсені ойлап, бір-біріміздің ойымызды айтып отырамыз.

Боташаға жасайтын ұсынысымді бір емес, бірнеше күн ойладым. Мен отбасымық өмір мен үйленуден қорықпаймын. Ұсыныс жасар алдында өзімнің достармыммен де, оның достарымен де көп ақылдастым. Алғашқыда, дәстүрліше оны мейрамханаға шақырып, шампан құйылған бокалға сақинаны тастап, керек мезетте оған жүгіріп келіп гүлдер сыйлайтын достарымыда шақырсам ба деген ой болды. Мен шынымен де солай жасайын дегем, бірақ Ашаның ойы басқа екенін білдім. Ол менің ұсыныс жасайтынымды біліп жүрген, әрине оны күтті де. Сол кезде маған оны киноға шақырып, ұсынысты сол жерде жасау ойға келді. Себебі біз киноға жиі баратынбыз, сондықтан Аша бұл жоспарды біліп қоймайтын еді. Кинотеатрда бәрі дайын, ұйымдастырылып, келісіп қойылған. Бір апта бұрын біз ролик түсіріп, Кинопарк желісімен келісіп қойдық. Олар біздің жақын достарымыз. Роликте әдейі Боташа жақсы көретін, екеуіміз жиі серуендеген жерлерді түсірдім. Басқа адамдар үшін ол жай саябақ болуы мүмкін, бірақ екеуіміз үшін ол маңызды жер. Оған ұнайтынын мен білдім.

Ашаның ұзату тойына 380 адам шақырылды. Менің тойымда қонақтар саны одан азырақ болады. Мен өзім Шымкенттен болғандықтан, туыстарымның көбісі сол жақта. Келе алмайтындары бар. Тойдан кейін Аша екеуміз бірге тұрамыз. Біз үшін бірінші орында біздің отбасымыз, болашақ балаларымыз және ата-аналарымыз, ал одан кейін басқаның бәрі.

Аша Матай

Арман екеуіміз бұрыннан таныспыз. Бірақ,  «Сынақ» жобасынан кейін ғана жақын араласа бастадық. Басында біз 13 адам болатынбыз. Жартылай финалға Арман, мен және KZ тобының әншісі Бейбіт Көшқалиев шықтық. Жоба аяқталысымен екеуіміз кездесе бастадық. Мен ол кезде Hit TV арнасында «Қалайсың» бағдарламасының жүргізуші болғанмын.

Алғашқы қадамды Арманның өзі жасады. Мен үшін ол күтпеген жайт болды. Себебі болашақ жарым шығармашылықтың адамы болады деп ойламадым. Қарым-қатынасымыз жасырын болсын деп шештік. Сол кезде екеуміз қайсысымыз бірінші болып «сүймін» деп айтады екен деп бәстескенбіз. Мен шынымен де жеңемін деп ойлағанмын. Себебі, шыны керек,  Арманға ғашық болу жоспарымда жоқ еді. Біз көп уақытты бірге өткізе бастадық. Киноға жиі баратын болдық. Ақыр аяғанды мен өзім бірінші болып оған сүйетінімді айттым. Ал, екі-үш аптадан кейін ол мені сүйгеніне көп уақыт болғанын айтты, бірақ жеңілгенді ұнаптағандықтан тіс жармады.

Арман – көрнекті жігіт, қыз балалардың оған деген ықыласы мен көңіліне үйреніп қалған.  Бастапқы уақытта ол маған тек гүл сыйлап, екеуіміз көп серуендейтінбіз.  Ал одан кейін ол маған басқа да сыйлықтар жасай басатады. «Мен ешқашан қыздарға ештеңе сыйламайтын едім, сенің сыйлық алғандағы күлкіңді көргенде саған одан да көп сыйлық сыйлағым келген» деді. Осындай кезде мен оған одан бетер ғашық болғам (күліп).

Қарым-қатынасымыздағы ең ерекше кез – Арманның ұсыныс жасауы. Ол ұсынысты кинотеатрда жасады. Біз киноға келдік. Арман попкорн алуға шығып кетті, мен ештеңе сезген жоқпын. Кенеттен  таныс дауыс естілді, қарасам экранда Арман. Ол сөзін «менің өміріме көз жүгіртсем, амалсыздан тағдырға сене бастайсың» деп бастап, екеуміздің кішігірім тарихымызды баяндап берді. Мені өзінің болашақ жары екенін қалай түісінгенін айтып берді. Сөзінің соңын «Боташа, мен сен туралы, сені сүйетінім туралы көп нәрсе айтқым келеді, бірақ соның бәрін бір сөзбен жеткізгенді жөн көрдім – мен өмір бойы сенімен болғанды қалаймын. Маған күйеуге шығасың ба?» деп аяқтады. Әлі көз алдымда. Сол мезетте қайдан екенін білмеімін, камера ұстаған адамдар пайда болды, жан-жақтан түсіріп жатыр. Көңілім босап, жылап жібердім. Арман сахынаға шығып, мені шақырды. Қолында гүлдері бар. Тізелеп отырып, сақинаны тартып, ұсыныс жасады. Мен қуанғанымнан «Иә! Иә! Тағы да иә!» деп жауап бердім. Оның қуанғаны соншалықты, мені құшақтап, сақинаны тағуды мүлдем ұмытып кетті. Киноға келен аламдардың ішінде біздің достарымыз да болды. Олар бізді құттықтай бастады. Ұмытылмас сәт! Арманның ата-анасы оның түсірген видеосын көрген кезде «балам, қатты ғашық болып қалыпсың» деген екен. Ешкім Арманнан ондайды күткен емес.

Әке-шешелерімізбен танысар алдында екеуіміз де қобалжыдық. Мен отбасындағы жалғыз қызбын, үлкен ағам мен кіші інім бар. Әкем – мінезі қатал мемелекеттік қызметкер. Арман соны көп уайымдайтын. Бірақ бәрі жақсы өтті. Бір атападан кейін екі жақтың ата-анысын да таныстырдық.

Арман – мені өзін тыңдата білген алғашқы адам. Мен ерке, талабым жоғары қызбын. Менің жігітім болу қиын, шыны керек.  Бірақ мен адал дос бола аламын, жақсы кәсіби қарым-қатыныс құрастыра аламын, туыстарымды сыйлаймын. Айтқан сөзін тыңдап, соның айтқанынан шықпайтын адамым – тек Арман. Шеттен тыс еркелеп кетсем, ол маған басылғанымнан кейін сөйлесеміз дейді. Сондай кезде өз-өзімнен ұялып кетемін. Менікі дұрыс емес болған жағдайда өзім барып бірінші болып кешірім сұрайтын жалғыз адам да – Арман. Бұрын ондай болмайтынмын. Ал қазір, әрбір бұрыс сөзім үшін кешірім сұрай аламын. Ол да, мен де, арамызда дауыс көтеріп, дөрекі сөйлегенге жол бермейміз. Ұрсысқан сәтте мен ренжіп қаламын, ал ол менен көңілі қалғанын айтады. Ондай сөздер мен үшін ең ауыр. Мен сирек жылайтын адаммын, бірақ солай айтқанда жылап жіберемін. Бір-бірімізге жаман сөз айтып ұрсысқан емеспіз. Көп жағдайда көзқарасымыз ұқсас. Ортақ достарымыз да бар: бірілері – отбасын құрған адамдар, енді бірілері – Арманның бойдақ достары. Мен олардың тез үйленгенін қалаймын (күліп). Соңғы кезде, алдын ала келісімсіз киімнің де бір түсін таңдайтын болдық. Әрқашан да солай болды деген үміттемін.

Comode.kz редакциясы фотосъемка жасауға орын бергенi үшін «Рамада Алматы» қонақ үйіне алғыс бiлдiредi.