Танымал жүргізуші, шоумен Алан Черкасовтың инстаграм парақшасындағы суреттерінің тең жартысынан көбі ФМ тобының әншісі Анастасия Клещенкомен түскен. Алайда, ол жәй сурет емес. Олардың арасында үлкен махаббат бар екенін көруге болады. Жалпақ жұрттан жасырынбай сезімдерін ашық көрсетіп жүрген жастардың уйлену тойы қашан болатыны белгісіз. Десе де бірнеше айдан бері бірге келе жатқан Настя мен Алан жақында Тайландқа қыдырып, уақыттарын өткізді. Айтуларынша тағам әзірлейтін шоудың жүргізушісі Алан, қонаққа Анастасияны шағырған көрінеді. Міне, содан бері олардың жұптары жазылмай келеді. ФМ әншісінің бірінші күйеуінен мектепке баратын Жасмин есімді қызы бар.
gallery