Картинка
Их жизнь

2015 жылы отау құрған жұлдыздар

Арман Қоңыр және Аша Матай

2015 жылдың басты тойларының бірі, әрине Арман мен Ашаның тойы болды. Бұл жұп ұзақ уақыт бойы араларындағы қарым-қатынасты жасырып жүріп, той жақындағанда ғана жария етті. Қалыңдықтың ұзату тойы да, басты той да қыркүйек айында Алматыда өтті. Батыстан жұққан әдет - тойдан кейінгі саяхатты жас жұбайлар қараша айына қалдырды.

Асхат Садырбай және Айғаным

Махаббатын өзгелерден жасырып жүріп, отау құрған  жұлдыздардың арасында танымал тележургізуші Асхат Садырбай да бар. Қалыңдықтың аты Айғаным. Той Алматыда өтті. Тойға жиналған қонақтардың арасында өнер жұлдыздары да көп болды.

Ален Самыкенов және Ғалия Мұратова

«Асыл» тобының әншісі Ғалия Мұратова да жақында келін атанады. Cұлу арудың таңдаған өмірлі серігі актер, әнші Ален Самыкенов есімді жігіт. Бұйыртса, жақын арада Ғалия ана атанбақшы.

Алан Черкасов және Анастасия Клещенко

Отандық шоумен, жүргізуші Алан Черкасов та биыл бойдақ өмірімен қоштасып, әнші Анастасия Клещенкомен бірге отау құруды жөн көрді. Болашақ жарына отағасы тек бір шарт қойды - Настя FM тобынан кетуі керек. Отбасын бірінші орынға қоя білетін Настя бұл шартқа бірден келісті. Қараша айының 26 жұлдызы Алан әке атанды.

Илья Таранов және Мария Зубенко

Өмірінде екінші рет отау құрып жатқан жұлдыздардың арасында радиожүргізуші Мария Зубенко да бар. Мария мен Илья тек туысқандары мен жақын жолдастарына арнап кішігірім той ұйымдастырды. Біраз уақыт бұрын Мария екінші рет ана атанды.

Олжас және Динара Қырықбаева

2015 жылы мамырдың 24-і күні жас әнші Динара Қырықбаеваның ұзату тойы болып өтті. Ерке қыздың жары туралы мәлімет жоқтың қасы. Тек есімі Олжас екені, және оның өнерге қатысы жоқ екені белгілі.

Алишер Нұржанов және Айдана Меденова

"КешYou" тобының экс-орындаушысы Айдана Меденова "Индиго" және FM топтарының продюсері Алишер Нұржановқа тұрмысқа шықты. Тойға киген көйлекті Айдана өзі тіккені көрінеді. Айтпақшы, тұрмыс құрғаннан кейін Айдана кәсібін өзгертіп, өзін дизайнер ретінде сынағысы келеді.

Еркін Нұржанов және Динара

Қазақстан эстрадасының өнерпазы Еркін Нұржанов та биыл екінші рет шаңырақ көтергендердің тізімін толтырды. Бұл туралы ол өзінің Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында хабарлады. Еркіннің  бұл жолғы таңдауы - Динара есімді тараздық ару. Той Шымкент қаласында өтті.

Дастен Шәкіров және Ботагөз Исағұлова

"Рэкитер-2" фильмінің актері, белгілі тележүргізуші Дастен Шәкіров те осы жылы отбасын құрды. Дастеннің таңдауы Ботагөз есімді қызға түсті. Қалыңдықтың айтуынша, ол Дастенді алғаш рет кинодан көріп, "қандай сүйкімді жігіт" деп ойлап қалған. Алайда, дәл сол жігіттің жарына айналады деп ойлаған емес.

Бауыржан Сатов және Мөлдір Жұмакеева

2015 жылдың шілде айында Алматыда актер және тележүргізуші Бауыржан Сатов пен Мөлдір есімді арудың үйлену тойы өтті. Күйеу жолдас болған Бауыржанның жан досы - Тәуекел Мүслім. Тойға шақырылған қонақтардың арасында өнер иелері көп болды.

Дидар Каден және Айым Алтынбекова

Қараша айында Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Лидия Каденованың ұлы, жас әнші әрі актер Дидар Каденның тойы да біраз инстаграм әлеуметтік желісін шулатты. Дидардың сүйген сұлуы бюти блогер Айым Алтынбекова.

Әшім Ахметов және Жансая Құрманқызы

Қазақстандық актер Әшім Ахметов осыдан бір ай бұрын шаңырақ көтерді. Бойдақ өмірімен қоштасуға себеп болған арудың есімі Жансая Құрманқызы.

Бауыржан Исламхан және Еркежан Талғатбекова

"Қайрат" футбол командасының шабуылшысы Бауыржан Исламхан 2015 жылы отау көтергендердің қатарында. Қалыңдықтың есімі Еркежан. Екі жұптың арасындағы қарым-қатынас қашан басталғаны белгісіз. Алғашқы бірге түскен суреттері осы жылдың қаңтар айынан бастап жарияланды.

Абзал Бейсебеков және Сымбат

2015 жылы отау құрған тағы да бір футболшы - "Астана" футбол командасының  ойыншысы Абзал Бейсебеков. Жарының есімі Сымбат. Той Алматыда өтті. Тойда Абзалдың спорттағы әріптестері де болды. Олардың ішінде Жуниор Кабананга, Рохер Каньяс, голкипер Ненад Эрич, Марин Аничич, Георгий Жуков, Фокси Кетевоама, және аталмыш Бауыржан Исламхан.

Нұрболат Абдуллин және Гүлфарида

Жас әнші Нұрболат Абдуллин биыл шаңырақ көтергендердің қатарында. Жарының есімі Гүлфарида. Той Ақтөбе қаласында өтті.

Руслан Әбдразақов және Мөлдір

2015 жылдың 7 қарашасында “Қазақстан Барысы” сайысының екі дүркін жүлдегері атанған Руслан Әбдіразақов шаңырақ құрды. Қалыңдықтың есімі Мөлдір. Өнер жұлдыздары мен спорт саңлақтары түгел қатысқан балуанның тойы Алматыда дүркіреп өтті.