Картинка
Звезды

Жазира Байырбекова: "Ұлымның сүйіктісімен танысуға дайын емеспін"

Сыйлап шақырған әр тойға жаны сұлулыққа құмар Жазира әдемі киінуді жөн санайды. Сондықтан да, ай сайын жаңа сахналық көйлектерді тіккізеді екен.

Жазира ханым, гардеробыңызда қанша көйлегіңіз бар? Тұрақты бір дизайнермен жұмыс жасайсыз ба?

Жоқ, мен әртүрлі дизайнер-тігіншілермен жұмыс жасағанды жақсы көремін. Сол кезде сахналық киімдерім бір-біріне ұқсап кетпейтін болады. Көйлектерімді санап көрмедім. Негізі үйде менің әрі кетсе, 3-4 көйлегім тұрады. Бірақ, ай сайын4-5 көйлек тіктіремін десем артық айтқаным емес. Бұрын көйлектерімді сіңілдеріме, туыстарыма, бауырларыма таратып жіберетінмін. Қазірде оларға да беремін. Бірақ, басым көпшілігін көйлектер салоныма апарып қоямын.

Бұл кәсібіңіз берекелі сияқты. Қазақ эстрадасындағы көйлектерін жалға беретін бірінші әнші болдыңыз. Бұл идея қайдан келді?

Дұрыс айтасыз, мен осы істі бастаған соң әріптестерім де қызығып, қолға ала бастады. Қазір олар да көйлектерін сатылымға қояды. Бірақ, мен  мұны ақшадан тарығып бастаған жоқпын. Көптеген қыздар парақшама «Көйлегіңіз әдемі екен», «Осындай көйлек кисем ғой, шіркін», «Мұндай көйлек кию бізге құр арман ғой» деген сияқты өкініш пен қызығушылыққа құралған хаттар жазады. Сол қыздардың хаттарын оқып, көп ойландым. Егер арзан бағамен жалға қойсам, кез-келген қыздың арманы орындалады. Одан бөлек химиялық тазалаудан өткізіп, өзге де қыздарға ұсынуға болады. Міне, осындай ниетпен қолға алған едім.

Берекелі әрі табысты болсын. Енді әңгіменің ауылын шығармашылыққа ауыстырсақ. Көптен бері отағасымен бірге бейнебаян түсірмедіңіздер...

Ол – рас. Бірақ, жоспарда бар. Дуэтке лайықты ән табу оңай емес. Алайда, жуырда жаңа бейнебаянға кірісеміз деп ойлаймын.

Хит әнді қайдан табасыздар?

Шыны керек, әннің тағдырын алдын ала сезіп-білу мүмкін емес. Кейде нағыз хит болады деп таңдап алған әнді тіпті, тойда орындай алмай қаламыз. Нәтижесінде, жарыққа шықпай ән сандықта қалып қояды.

Өзіңіз жиі қыз ұзатып жүрсіз. Алайда, келініңізді ұзатып алуға дайындық қалай?

Ол күннің де ауылы алыс емес шығар. Ұлымыз ер жетіп қалды. Қазір кейде өзіне ұнаған қыздардың суреттерін көрсетіп қояды. Әлі жас, алып-ұшып тұрған шағы ғой. Сондықтан, ұлыма «мені тек үйленетін кезде ғана сүйіктіңмен таныстыр. Егер қазір бір қызбен таныстырып, кейін бір-біріңізге өкпелеп, бөлек кетсеңіздер менің жүрегім ауырады. Мен ол қызды аяп, қатты қиналатын боламын» деп түсіндіріп айттым.

Ал, Жанболат пен Жазираның болашақ келіні қандай болу керек?

Ең бастысы, біздің отбасымыздың адамы болуға дайын болса деймін. Бізді сыйлап, ұлымызға жақсы қарым-қатынаста болса деп әр ана тілейтін шығар. Мен үшін ол қыздың материалды жағдайы маңызды емес. «Бай-ауқатты отбасынан болсын» немесе «Танымал адамның қызы болсын» деген ұстанымым жоқ. Адал болса жеткілікті.

Из родильного кресла на подиум
Дети звезд: слава по наследству?
Яблоко от яблони...