Картинка
Новости

Жанерке Елшін бизнесвумен атанды

Әуелі Мәдиге үміткер болып барған Жанерке Елшін - қазір жоба қатысушысы. Бойжеткен болашақ жарын осы бағдарлама арқылы кездестірген. Астанадан ару үшінат терлетіп келген Еркебұлан екеуі тек өмірде емес, өнерде де бірге қол ұстасуды мақсат еткендей. Ғашықтар дуэт болып: ән салып, той басқарып жүр.

Пысық қыз жоба жаққан танымалдылығын дұрыс пайдалануды жөн көрсе керек. Жуырда ол өзінің жеке киім дүкенін ашты. Тек сұлу қыздар мен бойжеткендерге арналған дүкендегі тауарлардың бағасы қолжетімді әрі сапалы.

Талғамы биік нәзік жандыларға арналған киім дүкенін өзге қалаларда ашу арудың үлкен арманы. Ал, түсірілімдерден қолы босамайтын ерке қыздың саудадағы басты көмекшісі – туған сіңлісі екен.

 Айтпақшы, Жанеркенің жанына жақын кәсібінің тұсаукесер рәсіміне «Қалаулым» жобасының барлық қатысушылары құттықтап келді. Ашылу салтанатын шағын мереке етіп өткізген Жанерке Елшінге берекелі сауда тілейміз.