Картинка
Самочувствие

Ыстықтан сақтануға арналған 10 оңай әрі тиімді тәсілдер

Біріншіден, суық су ішпеңіз. Суық су шөлді баспайды, есесіне бес минуттан кейін-ақ термен бірге шығып кетеді. Сол себептен, шай немесе тәтті емес квас ішкен дұрыс. Шөлден өткен экспедиция құрамындағы адамдардың да 45-50 градус ыстықта көк шай қайнатып ішетіні де сол себептен. Ал күн ыстықта газдалған сусындардан мүлдем аулақ жүру керектігін айтпаса да белгілі шығар. Оларды ішкен сайын тағы іше бергің келеді. Сол себептен өзіңізбен келесі сусынды алып жүрген дұрыс: бір литр көк шай қайнатып, суыған кезде оған лимон, бал және жалбыз қосыңыз. Ішетін кезде мұз қосып ішкен абзал. 

Екіншіден, далаға шыққанда көлеңкенің астымен жүруге тырысыңыз. Ыстықтан құтыламын деп тез жүрмеңіз. Бірақ, тым баяу жүрген де дұрыс емес. 

Үшіншіден, жапондықтардың "мойын мұздатқыш" деп аталатын тәсілін пайдаланыңыз. Ол үшін кез-келген орамалды суық сумен сулап мойныңызға байлап алаңыз. Орамал кеуіп кеткен кезде тағы да сулап алаңыз. Бір-екі минуттың ішінде өзіңізді бірден сергек сезінесіз. 

Төртіншіден, даладан кірген бетте бірден аяғыңызды тобығыңызға дейін суық сумен жуыңыз. Ол жерде биологиялық белсенді нүктелер шоғырланған. Температураның ауытқуы оларға жағымды әсер етеді.

Бесіншіден, күндіз ұйықтап алуға тырысыңыз. Адам ұйқыға кеткенде, оның дене температурасы автоматты түрде төмендейді. 

Алтыншыдан, ішімдік ішуден аулақ болыңыз. Алкоголь дене температурасын жоғарлатады. Сондай-ақ, ұйқтар алдында ет жемеңіз. Ет қорыту да дене температурасын жоғарлатады.

Жетіншіден, суық судың орнына жылы сумен жуыныңыз. Суық су қан тамырларының тарылуына алып келеді. Ал қалпына келгеннен кейін бұрынғыдан да кеңейтеді. Оның орнына жылы сумен жуыныңыз. Температураның ауытқуы онша сезілмейді. 

Сегізінші кеңес: пульверизаторға су құйып, жан-жағыңызға шашып жүріңіз. Бұл жабық кеңістіктерде көп уақыт өткізетін адамдарға жақсы көмектеседі.

Тоғызыншы кеңес: еденді суық сумен жуып тұрыңыз. Ол кезде терезелер ашық болған абзал. Терезеден кірген жел еденнің су арқылы суып, бөлменің температурасын төмендетеді.

Оныншы кеңес: жалаң аяқ көбірек жүрге тырысыңыз. Аяқта энергетикалық нүктелер өте көп. Оларды қоздырғанның нәтижесі денеге жағымды әсер етеді.

Стиль жизни: сила бывает изящной!
Как улучшить работу кишечника без лекарств?
Критические дни купанию не помеха?