Картинка
Новости

Әнші Бүркіт екінші рет әке атанды

Осыдан бірнеше ай бұрын отындық дизайнер Аида Кауменова Аишаның жасырып жүрген жүктілігін көпшілікке паш етті. Аталмыш оқиға Бүркіт пен Аишаның жаңа бейнебаянының түсірілімі кезінде орын алған. Сол күннен бастап-ақ жұлдызы жұптың жанкүйерлері Аишаның босануын асыға күтті. Көптен күткен күн жаңа жылдың 8-ші күніне дәл түсті. Бүркіт өзінің инста парақшасында перзентханада түскен суретті жүктеп, "Агайын, екiншi рет аке атандым, Альхамдулиллах ! Аллама мын алгыс! Жарыма улкееееееен РАХМЕТ! Екiншi Ул бала Альхамдулиллах ! Машаллах ! Второго сына мне подарила Аиша! Спасибо ТЕБЕ!" деп, шын қуанышымен бөлісті. Әзірше, жаңа туған нәрестенің есімі белгісіз.

Бүркіт пен Аишаның әріптестері де қуаныштарына ортақтасып, құттықтауларын жүктеп үлгерді. Алғашқалардың бірі болып құттықтаған - Бүркіт пен Аишаның өнердегі әріптесі Сәкен Майғазиев.

Естеріңізге сала кетсек, қазақ эстардасының ең әдемі жұптарының бірі 2010 жылы шаңырақ көтеріп, 2013 жылы алғашқы ұлдарын дүниеге әкелді.

Comode редакциясы Бүркіт пен Аишаны сәбилі болуларымен шын жүректен құттықтап, отбасылық бақыт тілейді.