Картинка
Звезды

Нұржан Керменбаев: "Перзентханаға бірге баратын еркектерді түсінбеймін"

Ұлымның есімін Омар деп қойдық. Біз нұсқаларды ұсындық, анам ішінен өзіне ұнағанын таңдап алды. Бірінші балам Мүслімді де біз ұсынып, анам таңдаған еді. Баланың есіміне үлкен мән беру керек. Және сол есімге лайықты етіп тәрбиелеу керек. Бұл ата-ананың басты парызы деп білемін. Қай перзентханада босанғаны және қасына серіктес болып кім кіргені де есімде жоқ. Өз басым әйелі босанған кезде серіктес болатын азаматтарды түсінбеймін. Әрине, әркімнің талғамы мен түсінігі әртүрлі ғой. Мен мұндай үлкен қадамға баруға дайын емеспін. Себебі, толғақ пен адамнан адамның шығуы оңай еместігін естуім бар. Сол қиын процессті көрсем әйелімді үнемі аяп, сезімім де өзгеріп кететін сияқты.

Омар өмірге келген кезде мен Лондонға іс-сапармен кеткен едім. Бірінші ұлым дүниеге келген кезде де басқа қалада болдым. Осы жолы да түсіндіріп айттым. «Бұл сапарды ұзақ жоспарладым. Сондықтан, жолымнан қала алмаймын. Оның үстіне толғақ пен босану кезінде менің қолымнан ештеңе де келмейді. Бар болғаны дұға ете аламын. Ең бастысы, перзентханадан өзім шығарып аламын»,-деп бәрін түсіндірдім. Ол да қарсы болмады. Осылайша Аллаға аманаттап жолға шықтым. Менің туған күнім 17-ақпан болса, Омарым Алланың қалауымен 18-ақпан күні дүниеге келді. Қуанышымда шек болмады.

Салмағы мен бойы туралы айта алмаймын. Дәл қазір есімде жоқ. Мені бойы мен салмағы емес, балаларымның болашағы қатты қызықтырады, уайымдатады. Әрине, мүмкіндігінше балаларымның тәрбиесіне араласып, анасына бағыт-бағдар беруге тырысамын. Себебі, саналы, иманды ұрпақ тәрбиелеу әр ата-ананың парызы ғой. Қазір барынша білгенімізді үйретуге,түсіндіруге тырысып жүрміз. Ал, оның жемісі қандай болатыны – уақыттың еншісінде. Тұңғышым әлі кішкентай ғой. Сондықтан, қызғанады. Омарды қолыма алып иіскегенімді көрсе бірден жатып алып жылайды. Мұндай реакцияға біз алдын ала дайын болдық. Өйткені, көптеген адамдар балалардың арасындағы қызғаныштың заңдылық екенін ескертті. Қолымыздан келгенше, үлкеніміздің қызғанышын махаббатқа, бауырмалдылыққа ұластыруға тырысып жүрміз. Оның бәрімен көп кезде анасы айналысатыны да жасырын емес. Баршамыздың ұрпақтарымыз ақылды әрі иманды болып өссін деп тілеймін.

Из родильного кресла на подиум
Дети звезд: слава по наследству?
Яблоко от яблони...