Картинка
Новости

Нұржан Керменбаев үйленді

Көбімізге "Капкарашка" есімімен таныс әнші көктемде үйленетіндігін айтқан еді. Оның махаббат хикаясы да дәл ертегі секілді. Себебі, оның таңдаған жары  өнерін бағалаушы жанкүйері екен. Келін Тараз қаласының қызы. Ал  той Нұржанның туған қаласы Жезқазғанда өтті. Үйлену тойға өнердегі әріптестері келіп, ән шашу жасап, қуанышымен бөлісті. Қазір Нұржан Алматы қаласында тұрады. Әншіге отбасылық бақыт, шығармашылық табыс тілейміз!