Картинка
Новости

"Mysterions-тық" Дильеннің әйелі құны 400 000 теңгелік перзентханада босанды

Өйткені,  «Mysterions-тық» Дильен әке атанды. Иә, күтпеген жаңалық. Өнерден гөрі жеке кәсіпке көбірек көңіл бөлген сері үйлену тойын дүбірлетіп жасамады. Үйленгені туралы да сүйінші сұрап айтпады.

Алайда, тұңғышын тағатсыз күткен Дильен жарына қандай перзентхана таңдағаны туралы бұған дейін өзінің парақшасында жариялаған еді. Екінің бірінің қолы жетпейтін жеке перзентханада босану үшін қалтаңызда кемінде 400 000 теңге қаржы болу керек.

Қымбат перзентханада дүниеге келген сәбидің салмағы 3760 грамм. Қазір ана мен сәбидің денсаулығы жақсы. Ал, тұңғышының есімін әзірге әнші жігіт құпия ұстауды жөн санаған.

Шариғат талаптарын ұстанатын Дильен өмірлік жары ретінде орамалды аруды қалаған.  2000-нан астам ғана оқырманы бар жеке парақшасында әншінің жары фотосуреттерін сирек жарияласа да, жиі діни пайдалы ақпараттарды жазады.

Мыңның ішінен таңдаған сүйіктісінің сұлулығына тек өзі емес, күллі оның инста-оқырмандары сүйсінуден шаршар емес. Ал, біз өз тарапымыздан жас ата-анаға кішкентайдың бауы берік болсын деп игі тілек білдіреміз.