Осыдан 2 ай бұрын Мөлдір Әуелбекова бойдақ өмірмен қоштасатыны жайлы өз инста парақшасында хабарлаған болатын. Көп ұзамай, той көйлегін таңдап тұрған кезі бейнеленген суретті де жүктеді. Алайда, үлкен тойдың алдында қазақ қызын ұзатады емес пе? Мөлдірдің отбасы бұл салтты жай жаға сақтап қоймай, ұзатудың басты шарттын дәл орындады: қыз мейрамханадан емес, өскен шаңырағынан ұзатылды.
Ұзату тойы 4 желтоқсанда өтіп, сол күні сырға салу рәсімі орындалды. Үлкен той бұйыртса желтоқсанның 12 күніне жоспарланып отыр. Ұзату той сияқты жігіттің тойы да жас жұбайлардың туып-өскен Тараз қаласында өтеді.
gallery