Картинка
Новости

Мөлдір Әуелбекова сүйіктісін көрсетті

Мөлдір ресми парақшасында жігітінің суретін жариялап, барша жұртпен таныстырды. Үнемі жеке өмірін құпия да ұстаған ару, сүйіктісінің туған күнімен құттықтап, өміріндегі теңін тауып, бірге өткізген күндерін бақытты санайтынын жеткізді. Әрине, бұл тұста отырып алып сынайтын сарапшылар да табылады. Олар инста достары екені сөзсіз. Біреуі жасы үлкен тең емес десе, енді бірі жарасымды жұп екенін айтып бір-бірімен дау шығарды. Тағы бір айта кететін жәйт, кейінгі кездері  Мөлдір ханым шоу-бизнестің қазанында қайнап, асханасына көбірек араласып жүргенін байқауға болады. Себебі, үлкен жобаларды тындырып жүрген ол бірнеше ай бұрын Индира Елемес атты жас әншіге продюсер болып, Дубайда клип түсіріп келген еді. Ал, енді әнші қыз саясатқа бет бұрып жатқан жәйі бар. Нұр-Отан партиясының мүшесі атанды. Қоғамда болып жатқан әділетсіздіке қарсы күресеміз деген Мөлдір, өмірдегі келеңсіз жағдайларға қатты алаңдайтын көрінеді. Алайда, тыңдармандары саясатқа араласпай, тұрмыс құрғаны дұрыс болар еді дейді. Бастысы бақытты болып, үлкен белестерден көріне берсін демекпіз.