Картинка
Отношения

Мен – өгей анамын! Өгей аналардың шынайы оқиғалары

Наталья , 38 жас

«Менің жолдасымның бұрынғы әйелі қызын күйеуіне тастап, шетелге қоныс аударған. Әрине, шекараның арғы бетіндегі өмірін бірқалыпқа келтірген соң қызын алып кетуді жоспарлаған. Ал, мен 30-да, Маша 13-те болған кезде бір шаңырақтың астында тұра бастадық. Ол кезде менің бірінші некеден балам болатын. Ең алғашқы рет көп адамдар жиналған отырыста кездестік. Оның менімен жақын танысып, сөйлесуге деген құлшынысы жоқ екенін байқадым.  Бір-бірімізді сырттай бақыладық. Әкесі Маша туралы , оның мінез-құлқы мен қылықтары көп айтатын. Сол әңгімелерді тыңдай жүріп, ойша психологиялық суретін салдым. Қателеспеген екенмін. Бір таңқаларлығы, Маша мен дұрыс қабылдады. Жек көріп, агрессия көрсеткен кездері болмады.

Мен оның тәрбиесімен айналыспадым. Баланы тәрбиелеу деген – оның қайда оқитынын, тұратынын, не киіп, не ішетінін т.б.маңызды шешімдерді қабылдау. Ал, ондай шешімдерді қабылдайтын Машаның әкесі мен анасы бар. Ол өзінің анасымен жиі телефон арқылы хабарласып тұратын. Сондықтан, мен өзімнің бойыма жауапкершілігі зор ананың рөлін алмадым.

Айтсам сенбейтін шығарсыздар, бірақ Маша екеуміздің арамызда ешқандай да түсінпеушілік, ұрыс-керіс болған емес. Әрине, өзінің тамақ ішкен ыдыс жууды талап ететінмін. Ал, оның әрекеті қандай болғанын, тіпті, білмеймін.

Қазір есіме бір оқиға түсіп отыр. Жасөспірім кезінде бізге тіл қатпастан, түрі бұзылып, қабағы түйіліп, долданып бөлмесіне кіріп кетті. Тіпті, ұзақ уақыт сөйлемей қойды. Осы кезде: «не болды екен? Бізге ренжіді ме? Әлде мектепте қиындықтары болды ма?» деген секілді сан сұрақтың жауабын таппай қиналдық. Бір күні оның бөлмесінен сыр жазатын күнделігін көріп қалдым. Жай қызығушылықтан емес, уайымнан оқыдым. Ол өте тұйық болатын. Көп нәрсені айтуға қорқуы мүмкін. Немесе ұялады. Тіпті, жай ғана айта алмауы мүмкін. Сондықтан, өмірінде біз білуге тиісті оқиғалар бар-жоғын білу үшін оқыдым. Және ол қадамым қателік болды деп айта алмаймын.

Маша бізбен 19-жасына дейін бірге тұрды. Қазір шетелге анасына көшіп кеткелі он жылдай болды.  Жоғарғы оқу орнын бітірді, тұрмысқа шықты. Телефон соғып, өзінің сағынышын білдіріп тұрады. Баламен жақсы тіл табысудың ең басты құпиясы – ұсақ-түйекке мән бермеу және уайымшыл ананың рөліне енбеу.»

Динара, 36 жас

«Менің жасым 36-да. Ал, өгей қызым 14-те. Әрине, мені өгей ана, оны өгей бала деп атау қатты естілетін шығар.  Баланың өзінің анасы мен әкесі, әжесі мен бауыры бар. Алғашқы кездері Алина анасымен бірге тұратын, кейін өз еркімен біздің қасымызға көшіп келді. Білуімше, жасы үлкен ағасымен тіл табыса алмаған. Мен көрген кезде де, әкесінің тағы да үйленуі туралы естіген сәтте де Алина бірқалыпты қабылдапты. Аты шулы айқай, ұрыс, көз жасы болмады. Оның басты себебі бұл отбасында ажырасу туралы әңгіме алты жыл бойы актуалды болған. Сондықтан, Алина үшін аса жаңалық болмаған.

Тәрбие мәселесіне менің қатысым жоқ, оған жауапты өзінің ата-анасы бар. Мен өзінің бөлмесінің таза болуын сұраймын. Ол өтінішімді орындайды. Әрине, арамызда бәрібір де көзге көрінбейтін шекара бар. Сол себепті кез – келген мәселені әкесіне айтамын. Сол кісі арқылы жеткіземін.

Айтарлықтай келіспеушілік немесе түсініспеушілік жоқ. Әрине, өтпелі кезең болғандықтан, сабақ оқығысы келмейді, көп  қыдырғысы келеді, т.б. Сабақ үлгеріміне қатысты кейде сөзге келіспей қаламыз. Алайда, ол жақсы оқиды. Бірақ, тағы да ниеттенсе үздік оқушылардың қатарында болар еді деп ойлаймын.»

Виктория, 32 жас

«Біз кездейсоқ таныстық. Сүйікті жігітім түскі асқа алып кетуге келген кезде, көліктен кішкентай қыз бірге шықты. Алғашқыда өзімді қалай ұстау керектігімді білмей қалдым. Әйтеуір, танысу үшін қолымды созып, бетінен сүйгенім есімде. Ол кезде Оля 8 жаста болатын. Кейін кинотеатрда, үйлерінде, демалыс орталықтарында жиі кездесе бастадық. Бастапқыда бәрі керемет болды. Күйеуімнің көңіл жарастырған сүйіктісі бар екенін экс-әйелі естігеннен соң Оля екеуміздің арамыз бұзыла басталды. Анасының қызғанышы өзара қарым-қатынасқа әсер етті. Мысалы, үйді тазалап болған сәтте ол әдейі кілемге сүт төгетін, немесе төсектің жабдықтарын шашып тастайтын, есіктің алдындағы аяқ киімдерді төргі бөлмеге дейін тізіп қоятын. Одан қалды «мынаны жемеймін», «мынаны ішпеймін» деген мазасыздық тағы бар.  Ал, анасына барса күйеуімнің телефонына «Қызым тағы уланып жатыр. Қандай тамақ жеген? Әйелің тамақ жасай алмайды ма?» дегендей айқай-шуға толы қоңырау түсетін.

Кезекті бір демалыста Оля бізге қыдырып келді. Өзімен бірге бір дорба кір киімдерін арқалап келген. Құрбыларым жаза ретінде кір киімдерін жуумауға кеңес берді. Сол кезде Оляның тәртібі мен қарым-қатынасы түзеледі деп ойлады. Ал, мен іштей бұл әрекеттің күйеуіммен ренішке әкеліп соғатынын жақсы білдім. Сондықтан, бәрін жуып, үтіктеп, тазалап қойдым. Баланың еркелігі мен қырсықтықтарына да шыдауға тырыстым. Күні бүгінге дейін шекеме оңбай тиген дүкен есігіне қорқынышпен қараймын. Ал, опа-далаптарымды ең биік сөрелерге жасырып қою әдетіме айналған. 

Енді болмағанда мен ерке қыздан да, қызының еркелігіне «қой» демейтін еркектен де қашып кетер ме едім?! Бірақ, Оля 13-ке толды. Оның ойы да, көзқарасы да, түсінігі де өзгерді. Әке-шешесінен гөрі мені жақын тартып, құрбылардай сырласуға тырысады. Менің де пікіріммен санасып, қолынан келгенше қолдайды. Міне, осылайша сегіз жылдан астам бірге тұрып келеміз. Енді, алғашқы жылдардағыдай қиындықтар болмайды деп ойламаймын.»