Қателесіңіз
Көп жағдайда біз біреудің қатесін түзегенде өзімізді кішкіне болса да жоғары сезінеміз. Сенімдірек болып, өзімізді бағалай бастаймыз. Және қатесін түзеген адамға басқаша, аянышты қарайтынымыз да бар. Сол себептен Джек кейде әдейі қателесіп, өзіңді түзеуге рұқсат беру керек дейді. Басқа адамға осындай мүмкіндікті ұсынсаңыз, аз уақыт ішінде оларды өзіңізге қаратып аласыз.
Басқа адам арқылы мақтаңыз
Адамдардың көбісі бетке айта салған мақтау сөздерінен гөрі айналып келіп, астарлап айтқан мақтауға әсерлі болады екен. Мысалы, «сен көлікті керемет айдайсың» дегеннің орнына «Айдар сенің көлікті жақсы айдайтыныңды әрдайым айтып отырады» деген мақтау адамға тезірек әсер етеді.
Көмек сұраңыз
Бенджамин Франклинның мынандай сөзі бар: «Сіз жақсылық жасаған адамнан гөрі сізге жақсылық жасаған адам келесі кезде де жақсылық істеуге дайын тұрады». Шынымен де, басқаға жақсылық жасаған адамның өз алдында дәрежесі көтеріледі. Яғни, басқа адамға ұнағыңыз келсе оған көмек ұсына берудің орныны өзіңіз сол адамнан көмек сұраңыз. Әрине, ол сұраныс орынды болу керек. Түкке тұрмайтын нәрселер бойынша көмек сұрай берсеңіз, ұнаудың орнына жеккөрінішті болып кетуіңіз әбден мүмкін.
Адамдарға өзі жайлы айтуға мүмкіндік беріңіз
Басқа адамға ұнаймын десеңіз, әңгіме толық сол адамға арналсын. Өзіңіз жайлы айта бергеннен гөрі сұхбаттасып отырған адамнан ол туралы түрлі сұрақтар қойып, әңгімені керек жаққа бұрып отырыңыз. Бұл жерде өтірік бірден білінуі мүмкін, сол себептен әңгімесіне шынай түрде қызығып көріңіз.