Картинка
Новости

Юсуф Чим: "Үйленуге дайын емеспін"

  • Юсуф, сәлем. Қалайсыз? Қош келдіңіз! Қазақстан туралы не білесіз?
  • Рахмет, қош көрдік. Қазақстан туралы бұған дейін тек елдің атауын естіген едім. Қазір көптеген ақпараттар білемін. Менің арт-директорым бұл елдің тарихы туралы өте көп әрі қызықты ақпараттар біледі. Ертең осы шарадан кейін әдемі ескерткіштеріңізбен суретке түсіп, фото-мұрағатымды толықтырсам деп отырмын.
  • Қазақстаннан дәл қазір қандай әсер алудасыз?
  • Өте қонақжай халық екен. Мені әуежайдан күтіп алған сәттен бастап аяғымды жерге тигізбей қонақ ретінде күтуде.

фотограф: Өсер Қазихан, instagram: @photographerok

  • «Қазақстандық әріптестеріңізді танисыз ба?» деген сұраққа мардымды жауап бермедіңіз. Енді оңаша шыныңызды айтыңызшы ізденіп көрдіңіз бе?
  • Қатты сөкпеңіздер, бірақ шынымен де ешкімді қарамадым. Іздемедім. Менің жұмыс графигім өте тығыз. Ғаламтор қарайтын уақытым жоқ. Инстаграмға кейде жұмыс процесі туралы суреттерді менеджер немесе директорларым жүктейді. Қазір бірнеше телехикая, фильмдерге түсудемін. Барлық уақытымды соларға арнап жүрмін.
  • Бәсе, жаңа Ерке Есмаханның 42 млн қаралымы туралы айтылған кезде аң-таң болуыңыздың себебі сол екен ғой?)))
  • Иә, ол рас. Еркемен бүгін түскі ас кезінде таныстым. Өте сүйкімді, ақкөңіл, ашық қыз екен. 42 млн қаралым деген үлкен жетістік қой. Бұл нағыз хит деп ойлаймын. Құттықтаймын!!!
  • Ерке сізбен дуэт айтуға асық екен. Ал, сіз ше?
  • Негізі «Жыл таңдауы-2017» жобасында Ерке Есмахан екеумізге дуэт айту туралы ұсыныс болды. Бірақ, жаңа айтып өткендей менің жұмыс графигім өте тығыз. Сол себепті үлгере алмадық. Бірақ, бүгінгі түскі ас кезінде осы тақырыпты талқыладық. Егер әдемі ән, өзара үйлесімді тандем болса неге жазбасқа? Мен Ләйлә ханым мен Еркені Стамбулға шақырдым. Сол жақта қонақ болып, бейнебаян да түсіріп қалармыз.
  • Неге Қазақстанда түсіргіңіз келмейді?
  • Әрине, әдемі ән табылып, ортақ шешімге келсек дуэт жазатын шығармыз. Ал, бейнебаянды бәрібір де Стамбулда түсіргім келеді.
  • Не үшін?
  • Маған өз елімде жұмыс жасаған өте оңай әрі қолайлы. Режиссерлер де, көмекшілерім де менің талғамым мен талабымды біледі. Ал, өзге елде үйрену процесі бар, басқасы бар, сәл ұзақ уақыт кетеді. Және бүгін мені бұл қыздар қонақ етіп сыйлады. Ендігі кезек менікі деп ойлаймын.
  • Қазақстандық режиссерлер киноға түсуге шақырса келісер ме едіңіз? Қандай талаптарыңыз болады?
  • Әрине, келісемін. Бірінші талап, әрине, гонорар. Оның қанша болатынын менің арт-директорым арқылы шешеді. Сосын өзіміздің келісім –шарт бар. Соның ішінде менің талаптарым көрсетілген. Бірақ, мен ешқандай Қазақстандық фильм немесе телехикаяларды көрген жоқпын. Мүмкін, болашақта уақытым болса қарармын деп ойлаймын.
  • Солардың кейбірін айтып кете аласыз ба?
  • Мысалы, міндетті түрде бес жұлдызды қонақ үй. Таза болуы керек. Мен тазалықты жақсы көремін. Спортпен айналысуға мүмкіндігім болу керек. Түсірілім 11:00ден ерте басталмауы керек. Себебі, актер ұйқысы қанбаса, шаршау болса өз кейіпкерін аша алмайды деп ойлаймын.
  • Демет Өздемирмен ара-қатынастарыңыз қандай?
  • Қазір ешқандай да махаббат жоқ. Сезім суыды, әркім өз жолымен кетті.
  • Қашан үйленуге ниеттісіз?
  • Жасым 26-да. Әзірге үйленуге дайын емеспін. Әлі шығармышылықпен айналысып, атыма жұмыс жасағым келеді. Үйлену үлкен жауапкершілік. Түрік елінің азаматтары көбінесе 29-30жасында үйленеді. Мен де сол жаста үйленетін шығармын.