Хиджама - көп уақыт бойы ұмыт болып, қазіргі кезде қайта жанданып келе жатқан аурудан құтылудың қарапайым әрі нәтижелі түрі. Адам ағзасын арам қаннан тазалау көптеген ауруларды емдеуге жол ашады. Себебі қан - адам ағзасының басты элементтерінің бірі. Ол ағзадағы көптеген процесстерге қатысады: жасушаларға өттегі тасымалдау, гормондар мен қоректі заттарды тасмалдау және т.б. Қан адам денесіндегі жылу және су-тұз теңгерімін реттеу процесстеріне қатысады. Аталған үрдістер қанның атқаратын қызметінің тек кішігірім бір бөлігі.
Арам қан деген не?
Қан әрдайым қозғалыста болу керек. Көп жағдайда адам ағзасындағы қан толық циркуляцияланбай, тамырлар мен артериялар бойымен барлық қанның тек жартысы қозғалып жатады. Қанның қалған бөлігі резервте сақталып, қан кету, гипоксия, интенсивті жұмыс және т.б. сияқты жедел жағдайларға жұмсалады. Қозғалыссыз тұрған қан ескіре бастайды: өз қасиетін жоғалтады, ағзаға түскен зиян нәрселерді жинайды. Бұндай тұрып қалған қан кесірінен ағзадағы әр мүше өз жұмысын қажетті дәрежеде атқара алмайды.
Хиджама - бұл ағзада тұрып қалған арам қаннан құтылудың тәселі. Бұл ағзаға айтарлықтай пайда әкелетіні даусыз.
Хиджаманың құпиясы мен негізі неде?
Ағзаны қанның бір бөлігінен босатудың нәтижесінде, оның ішкі резервті-қалыпқа келтіру фунциясы қосылып, ағзада жаңа қан бөліне бастайды. Жаңа қан ағзаны жаңартып, көптеген аурулардан емдейді.
Хиджама ағзан дәрі қабылдамай, өзінің ішкі ресурстарымен емдейтін ем. Медициналық сүлікпен емдеу де хиджама болып табылады.
Хиджама ислам мемлекеттерінде кеңінен қолданылатыны белгілі. Алайда, соңғы жылдары қан алдыру батыс елдерінде де кең қанат жайып келе жатыр. Голливуд жұлдыздары мен олимпияда спорт шеберлерінің арасында хиджама көмегіне жүгінген адамдар аз емес.
Хиджама қандай ауруларды емдейтінін, оның пайдасы мен қарсы көрсетілімі туралы толығырақ Алматы хиджама орталығының бас маманы Сәбит Оразбай баяндап берді:
- Cәбит аға, хиджама қандай ауруларды емдейді?
- Хиджама келесі ауруларды емдеуге көмектеседі: туберкулез, простатит, арқа ауруы, қалыпсыз қан қысымы, бас аурулары, иммунитеттің төмендеуі, тамырлардың тарылуы, мойын және иық аурулары, геморрой, бұлшықет аурулары, ревматизм, паралич, жүрек аурулары, буын аурулары және т.б.
- Ал хиджаманы балаларға жасауға болады ма?
- Болады. Біздің орталықта хиджама жасап емделіп жатқан балалар бар. Көп жағдайда олар ангина, түнде шошынып ояну, шыжың, тері аурулары, иммунитеттің төмендеуі сияқты диагнозбен келеді. Балалардың ағзасы енді дамып келе жатқан ағза болғандықтан, хиджама өте жақсы нәтиже береді.
- Бұл емнің қарсы көрсетілімдері бар ма?
- Хиджаманың қарсы көрсетілімдері жоқ десе болады. Тек жүктіліктің алғашқы үш айында, яғни эмбрион жатырға дұрыс бекітілмейінше хиджама жасамаған дұрыс. Одан басқа жасы 80 асқан және аурудан әлсіз болып қалаған адамдарға жасамаған дұрыс.
- Сіздің орталығыңызда хиджама жасайтын қанша маман бар?
- Мен және менің көмекшім ер адамдарға хиджама жасаймыз. Ал әйелдер бөлемінде нәзік жандарға хиджама жасайтын бөлек маман бар.
- Ауруды емдеу үшін бір рет қан алдырса жеткілікті ме? Жоқ әлде бірнеше рет келу керек пе?
- Бұл ауруға байланысты. Мысалы, енді басталған қан қысымы ауруына бір рет жасатқан хиджаманың өзі керемет нәтиже береді. Ал жылдар бойы аурып жатқан адамдарға 2-3 рет жасатқан абзал.