Картинка
Новости

Баян Есентаева Айдананың тойына неге келмеді?

Бірнеше күннен бері продюсердің әлеуметтік желісіндегі парақшасына тыным болмады. Сондағы бар мәселе, «тойға неге қатыспаған» деген сұраққа жауап алғысы келетіндер көп екен. Тіпті, мұндай сұрақтарды Айдананың да иста достары қарша боратқан еді. Енді бәрі белгілі болған сияқты. Себебі, кеше Баян Есентаева интернетке осы сұрақтың жауабына нүкте қойды.

Егер Баянның жазғанын тікелей аударатын болсақ, былай деп жазған екен:

«Айдананың тойында неге болмады дейсіздер ме? Жауап берейін. Айданамен бірге бес жыл жұмыс істедім. Жауапкершілігі бар талантты қыз. Онымен ақпан айында келісімшарт бітті. Қазір жаңа Кешью тобы бар. Мен Айдананың жеке өзі маған келіп, шақыру билетін әкеліп беретін шығар деп ойладым. Не дегенмен бірге тер төгіп, бірге жұмыс жасадық қой. Менің оған еңбегім сіңді. Алайда, менің шақыртуым Камшаттың қолында екен. Ол маған звондап беріп жіберді деп айтты. Бес минут уақытын қиып офиске келіп, қолыма беруге жарамағанына қарағанда, Айдана тойдың әлегімен бос болмаған- ау сірә? Мен ешқандай смс те, шақыру билетін де алмадым. Қоңырау шалуды айтпай ақ қояйын, ең құрығанда Вотсаппен де жазбады. Осындай шақыртудан кейін мен тойға баруым керек пе? Бірақ, мен оның бұл әрекетіне басқа көзқарастамын. Бұл тақырыпты жауып ары қарай енді талқылағым келмейді. Журналистерге де жауап бермеймін. Назар салғандарыңызға рахмет. Бәрі өз уақытында болады. Айдана саған шын жүректен бақыт тілеймін. Шығармашылығың шыңдала берсін!» деп аяқтапты.

Оған жауап ретінде Айдана да пікірін қалдырған.

«Курметтi менiн окырмандарым.Инстаграмда жазылыпжаткан жагдайларга менин айтарым:Мен бiр Алланын алдында да ,Баян Максаткызынын алдында да арым таза!Мен ол кiсiге алгыстан баска айтарым жок. Калганын окырмандарым саралап алар...Барине уакыт емшi!»

Осыған дейінгі Баянның жазбаларын қарайтын болсақ, оның Айданамен арақатынасы жақсы емес сияқты. Өйткені бір кездері, тағы да былай деп жазған: Сәттілік! Жылы сөздер! Көрерменнің қошеметі! Алайда, түсініспеушілік, шаршағандық, сатқындық, реніш болып жатады. Енді мен де біреулер секілді бәрін ұмытып, бұрынғыны есіме түсіргім келмейді. Мен келісемін, әркімнің өз жолы бар. Бірақ, есікті тарс жаппай, әдемі кеткен дұрыс емес пе? - деген еді. Тек Айдана емес, Кешьюдан кеткен Мөлдір Әуелбековамен де Баяннның арасы салқын екенін жұрт ұмыта қоймады.