Картинка
Новости

"Қазақ аруы-2018" италияндық тон мен құны 2,5 млн теңге тұратын жасауға ие болды

Сұлулардың арасынан жүйрікті таңдауға жасақталған әділқазылар алқасы да кіл мықтылар болды. Олардың қатарында: Қазақстанның Халық әртісі Алтынбек Қоразбаев, әнші Бүркіт, актер Азамат Сатыбалды, Азиз Бейшеналиев, Баян Есентаева секілді өнер майталмандары мен «Қазақ аруы-2017» Нұргүл Асанова болды.

Биылғы кеш бұрынғыдан мүлдем өзгеше болды. Тіпті, кеш жүргізушілерінің құрамына да өзгеріс енгізілген. «Қазақ аруы-2018» байқауының тізгінін жұлдызды жұп Арман мен Аша, KeshYou-дің экс-мүшелері Камшат Жолдыбаева, Айдана Меденова, Жұлдыз Өмірғали, «Алаулық» Әсет Арыстанбек, Айдын Жасыбай жүргізді.

Үшінші орын Ресейлік Самал Мурадияеваға, күміс жүлде Ақмарал Айтбаеваға, ал бірінші орын Ақбота Бақытқалиге бұйырды. Бәрін айт та, бірін айт. Бас жүлде Ақтаулық ару Набира Рахымжанға бұйырды. Алтын тәжден бөлек «Қазақ аруы-2018» байқауының гран-при иегеріне құны 2.5 млн теңгені құрайтын қыз жасау мен италияндық бұлан тоны табысталды.

Сондай-ақ, ең үздік көйлек номинациясы бойынша Наиль Байкучуков марапаталып, құны 1 млн теңгені құрайтын әдемі сахналық көйлегі Моңғолиялық ару Жұлдыз Қуашқа табысталды.