Картинка
Новости

Аша Матайға сырға салды

Әншінің нағашы әпкесі Баян Есентаева желідегі парақшасына жігіт жақтағылардың қызға сырға салып, дастархан басындағы қонақтардың суретін жария етті. Сондай-ақ, мата жыртып, құдағилардың өзара бөліскендерін де салуды ұмытпапты. Осыдан бірнеше ай бұрын Арман үйлену туралы ұсыныс білдіріп, Ашаның келісімін алған болатын. Араларындағы жақын сезімдерін көпке жасырып келген жастардың неке тойы 25-қыркүйекте аталып өтпек. Айтпақшы, Аша инстаграм желісіне жақында болатын ұзату тойының билетін көрсетіп, оқырмандарының жылы лебіздеріне қарық болды. Аша тойға келетін бірнеше қазақ әншілеріне шақырту жіберіпті. Ендеше Арман мен Ашаға бақыт тілеп, махаббаттары баянды болсын демекпіз!!!