Ал, қазір Артурдың шығармашылыққа көңіл бөлуге мүлдем уақыты жоқ. Өйткені, Төлеповтердің тұңғышы тойға дайындықты бастап кеткен. Мың қыздың ішінен Мәдина есімді аруды таңдаған Артур ақпан айының 20-шы жұлдызы күні сүйіктісіне сырға салады. Ал, той жаз маусымына жоспарланып отыр екен. Тойдың ауылы алыс болмаса да, Артур өнерден алыс сүйіктісін көпшілікке көрсетуге дайын емес.
Естеріңізге сала кетейік, Асылхан Төлепов 7-қараша күні Айсұлу есімді арумен шаңырақ көтеріп, үлкен той өткізді. Аталмыш той үстінде, барлық жиналған қонақтардың алдында ағасы Артур да өзінің сүйіктісіне «тұрмысқа шығу» туралы ұсыныс жасады.
gallery