Картинка

20 минуттың ішінде үйді қалай тез тазалауға болады?

Алайда, демалыс – ол үй жинауға, кір жууға немесе шаң сүртуге арналған күн емес. Бұл - сіздің өзіңізге, отбасыңызға, балаларыңызға шағын мереке ұйымдастырып, қуанышқа бөленетін күн. Сонда үйді қашан тазалаймын деп ойланып қалдыңыз ба? Ендеше, төмендегі қағидаларды әдетке айналдырыңыз.

1 қағида – қолданған әр затты өз орнына уақытылы қойып үйрен. Әрине, мұны бәріміз жетік білеміз. Алайда, қаншалықты іске асырып жүрміз. Асығыстықтың кесірінен кейде ұстаған нәрселерді кейінге ысырып, сол жерге тастай салатын сәттеріміз де болады. Кейін, тамшыдан құралған судай, пәтеріміздің қалай шашылып қалғанын да байқамай қаламыз.

2 қағида – ешқашан да үйді толықтай бір күнде жинауға талпынба. Жиһаздарды бүгін, сөрелерді ертең, асбөлмені тағы басқа күні жинауды әдетке айналдыр. Аптаның жеті күнінде жеті түрлі тазалық қадамдарын жасасаңыз жұмысыңыз әлдеқайда жеңілдей түседі.

3 қағида- күнделікті таңертең үйді сыпырып, ал күннің екінші жартысында еденді жуып үйрен.

4 қағида – далада қақаған аяз болса да, бөлменің терезесін он минутқа ашып қойыңыз. Сырттан келген таза ауа үйдегі микроптарды өлтіреді.

5 қағида- үй жинайтын кезде ұялы телефоныңыздағы оятқыш сағатты 20 минутқа қоюды ұмытпаңыз. Ол сіздің тез қимылдауыңызға мотивация болмақ.

6 қағида – Өзіңізге ұнайтын әуеннің дауысын қатты қойыңыз. Тек сізге ұнайтын музыка көңілді, шапшаң болу керек. Айтпақшы, көк жәшік пен ұялы телефонды интернет желісінен өшіріп тастаңыз. Әйтпесе, теледидардағы қызықты бағдарлама, телефонға келген хаттар сіздің жұмысыңызға кедергі болмақ.

7 қағида - түнгі тәтті ұйқыға кетпес бұрын міндетті түрде үйіңізді реттеп шығыңыз. Шашылған заттарды сөрелерге салыңыз, айналардың бетін сүртіп, жуынатын бөлмені тазалап шығыңыз. Және кемінде 3-4минутқа бөлме терезесін ашуды да ұмытпаңыз. Бұл сіздің бөлменің ауасын кеңейтіп, ұйқыңыздың тыныш болуын және таңертең ерте сергек оянуға үлкен себеп болмақ.