Картинка
Секс

Жыныстық қатынас кезінде жүкті болмайтын қауіпсіз күндер бар ма?

Жыныстық қатынаста қорғанудың күнтізбелі әдісі белгілі. Бұл қандай әдіс? Жүктілік овуляция кезінде болатынын білеміз. Овуляция (әдетте 28 күндік цикл үшін) еттеккірдің алғашқы күнінен бастап санағанда, шамамен 14-ші күнге сай келеді. Яғни, сол күннен бастап бала көтерудің мүмкіндігі ең жоғары. Овуляция әдетте 2-4 күнге созылады. Овуляцияға дейін және овуляциядан кейінгі күндер шартты түрде «қауіпсіз» болып саналады.

Бұл әдіс еттеккір циклы бірқалыпты, ешқандай дәрі-дәрмек қабылдамайтын, тұрақты бір адаммен ғана жыныстық қатынаста болатын әйелдерге арналған әдіс. Бұл әдіс контрацепция болып саналмайды!

«Қауіпсіз» күндері бала көтеріп қалу 100% мүмкін емес деген тұжырым - ең үлкен қате! Неге?

Ер адамдардың ағзасында әрқашан жетілген, ұрықтануға дайын жыныс жасушалары бар. Және олар әрдайым өте көп мөлшерде болады. Олар сперматазоидтар деп аталады. Ал әйел адамның ағзасында бірнеше мыңдаған жетілмеген жасушалардың ішінен ай сайын бір ұрықтануға дайын жасуша пайда болады. Осы кезең овуляция деп аталады.

Әйел адамның ұрықтануға дайын жасушасы жетілген қалпында 2 күнге дейін өмір сүреді. Ал ер адамның сперматазиоды  әйел ағзасынада 5-7 күнге дейін өмір сүреді. Яғни жыныстық қатынас овуляцияға дейін бірнеше күн бұрын орын алса да, овуляция кезінде сперматазоидтар әлі тірі болып, ұрықтану белсенділігін сақтап тұрады. Сөйтіп, сіз ойлаған «қауіпсіз» күні жүкті болып қалуыңыз әбден мүмкін.

Ал егер сіздің еттеккір циклыңыз қалыпсыз болса, ағзаңызда симптомсыз жүретін ауру бар болса, түрлі адамдармен ретсіз жынсытық контак орын алып тұрса, күнтізбелік әдіске де, басқа контрацепция әдістеріне де жүгінбегеніңіз абзал. Жыныстық қатынас тек некелескен адаммен ләззат алып, бала көтеру мақсатында орын алған дұрыс екенін ұмытпайық.