Бірінші жүктілік кезінде көптеген жас аналар уайым мен сергелдеңнің ортасында жүреді. «Толғақ қалай болады? Қанша уақытта босанамын? Баламның өміріне қауіп төндіріп алмаймын ба?» деген секілді мың сұраққа жауап іздейді. Бірі – ғаламтордың жетегінде кетсе, өзгесі даналық танытып, әртүрлі арнайы орталықтарға барады.
Бассейн
Жүкті әйелдер үшін өте пайдалы спорт түрі – бассейн. Ол бұлшық пен омыртқаны ауыртпалықтан босатуға көмектеседі, қан тамырларына қысым жасайды және кем дегенде төменгі арқадағы ауырсынумен қысқаша күресуге көмектеседі. Дене суға батырылған кезде, барлық ішкі органдар мен бұлшықеттердің жағымды және оңай массажы болады. Бассейндегі сабақтар энергияны жұмсауға көмектеседі. Ал, бұл салмақты бірқалыпта ұстауға себепші болмақ.
Бассейннің артықшылықтарынан бөлек қауіпті де жағдайлары болатынын ескеру керек. Мысалы, ауыр токсикоз, жатырдан қан кету, прэклампсия, эклампсия, судан қорқу секілді әдеттері мен аурулары болса жүзуге бармағаны абзал.
Алматыда жүкті әйелдерге арналған таза әрі қолайлы, сақтық шарасында медбикесі бар бассейндер көп.
"Aquastars" бассейн желісінде жүкті әйелдерге аквааэробика бар. Аптасына екі немесе үш рет жаттығуға қатыса аласыз. 45 минут арнайы жаттығу, 15 минут еркін жүзу тәртібі қарастырылған. 12 сабақтың құны – 17 000 теңге, 8 сабақтың бағасы – 15 000 теңге. Аталмыш бассейн Алматының бірнеше мекен-жайларында орналасқан.
“Aquababy” бассейн орталығында жүкті аналарға арналған “Aquamama” бағдарламасы бар. Жүктіліктің үшінші айынан бастап қабылдайтын жүзу сабағына қатысу үшін дәрігеріңізден рұқсат қағазды алуды ұмытпаңыз. Айтпақшы, аталмыш орталықта сегіз сабақ – 20 000 теңге, он екі сабақ – 24 000 теңге тұрады.
“Uniflex” фитнес орталығы орамал таққан аруларға таптырмас орталық. Бұл спорт кешеніне мүлдем ер адамдар кірбейді. Егер күйеуіңіз қызғаншақ болса, дәл осы клубқа баруға кеңес береміз. Таңғы 07:00-ден бастап, түнгі 23:00-ге дейін қызмет көрсететін бұл орталықта аквааэробикадан бөлек жүкті әйелдерге арналған йога, би үйірмесі де бар. Бағасы да қолжетімді. 12 сабаққа қазіргі таңда жеңілдік бойынша 15 000 теңге төлейсіз.
Йога
Жүкті әйелдер үшін өздері үшін энергияны, жақсы денсаулықты және қуанышты беретін жаттығулар кешенін табу маңызды. Ал, мұндай жаттығу түрлерінің бірі - жан мен тән үйлесім тапқан, тыныштықта өтетін йога. Варикозды тамырларға жол бермеу, көңіл-күйді көтеру, көңіл-күйді жоғарлату, ауырсынуды азайту, жамбас қабатының бұлшық еттерін күшейтуге де йоганың тигізер пайдасы зор.
Йога сізге денеңіздің ғана емес, рухыңызды да басқаруды үйретеді. Тұрақты түрде айналысу токсикоз көріністерін азайтуға, жүктіліктің, босанудың және босанғаннан кейінгі кезеңді жеңілдетуге көмектеседі.
Йоганың әдістерінен бөлек кез-келген орталық фитбол әдісін де арнайы жүкті әйелдер үшін қосқан. Ол – шармен жасалатын жаттығулар. Омырқаның икемділігін сақтауға көмектеседі, буындарды мобильді етеді, геморройдың алдын алу үшін фитбол жаттығулары тағайындалған.
“Аура” йога орталығында әр сабақ жанға тыныштық сыйлайтын жайлы әуенмен өткізіледі. Бір сағатқа созылатын жаттығудың бағасы 6500 – 12 000 теңгенің аралығын қамтиды екен.
“ОМ” йога студиясында да болашақ аналарға арналған сабақтар бар. Аталмыш орталық кейде таза ауада жаттығу жасап, денсаулықты нығайту мүмкіндіктерін ескереді екен. Бағалары 7000 – 20 000 теңгенің аралығын қамтиды. Ал, алғашқы тексеру сабағының құны небәрі 500теңге екен.
“Fly Family Club” орталығында йога жаттығуларынан бөлек босануға дайындық сабағы да қарастырылған. Әрине, қаланың ортасында орналасқан бұл мекемедегі қызмет көрсету бағалары сәл қымбаттау. 12 000 теңге – 8 сабақты, 18 000 теңгеге – 12 сабақты сатып ала аласыз. Одан бөлек босануға дайындық курсына қатысқыңыз келсе, 15 000 теңге төлеу қажет.
Жүктілік кезеңіндегі дайындық сабақтары
Қазір мұндай орталықтар өте көп. Олардың барлығы әйел адамға толғақ кезіндегі қорқынышты жеңіп, сенімділікті күшейтуге, жүктілік кезіндегі және босанғаннан кейінгі күйзеліске ұшырамау жолдарын үйретеді. Одан бөлек ерлі-зайыптылардың бірге сабаққа қатысуы арқылы ортадағы махаббат пен сыйластықты, жауапкершілік пен міндеттерді біріктіріп, ортақтастыруға тырысады.
Мұндай орталықтарда гинеколог, психолог, педиатр секілді ақхалатты абзал жандар қызмет көрсетеді.
“Кенгуренок” жүкті әйелдер орталығы. Көптеген қазақ келіндері босанғаннан кейінгі болатын күйзелісті іште сақтауға тырысады. Кей ер азаматтар баланың жөргегін алмастыруды намыс санайды. Әйелінің көңілшектігін сынайды. Сондықтан, босанғаннан кейін көп әйелдер тұйықталып немесе барлық көңілін тек балаларына аударып әкетеді. Жиі «балам үшін шыдаймын, балам үшін өмір сүремін» деген тіркестерді де айта бастайды. Бірақ, бұл – ішкі күйзеліс, депрессия. Ал, ол қауіпті ісік немесе ауыр індетке әкелетін бастама екенін естен шығармау керек. Ал, мұндай қорқынышты дүниелердің алдын алып, дайындауды «Кенгуренок» орталығы жетік меңгерген. Ал, бес сабақтың орташа бағасы 30 000 теңге.
“Аист” отбасылық дайындық орталығының басты ұстанымы - шығармашылық пен тыныштықта өткен жүктілік балаңыздың болашағына үлкен әсер етпек. Жүкті әйел өзіне ұнайтын іске үлкен махаббат әрі шабытпен жасаса көңіл-күй гормондары бірқалыпты болып, баланың жүйке жүйесінің дамуына үлкен әсер етпек. Сол себепті бұл орталықта жүктілік кезінде айналысуға болатын әртүрлі үйірмелер бар.
“Бақытты суреттеймін” арт-терапиясының көмегімен әйел жүктіліктің күйзелісінен оңай құтылса, болашақ сәбиінің сурет салу қабылеті дами түседі екен. Одан бөлек әдемі суреттер әр ананың көңіл-күйінің көтеріліп, қан айналымының жақсы болуына әсер етеді.
Болашақ аналарға арналған әсем әуен тыңдап, ғажап иістердің массажын қабылдау да пайдалы. Одан бөлек дұрыс демалу мен қан қысымын реттеуге арналған “сәбиімді күтемін” деп аталатын шейпинг жаттығулары да аталмыш орталықта қарастырылған.
Үш тілде сабақ өткізетін бұл орталықтағы жаттығулар мен кеңестердің бағасы 13 000 – 30 000 теңгенің аралығында.
“Карапуз” дайындық орталығы жүктілік пен босану ауру емес екенін болашақ аналарға үйретеді. Толғақтан қорқудың, шошудың қажеті жоқ. Бастысы, жаныңызда сенімді жақыныңыз болса және аталмыш орталықтың үйреткен тәсілдерін меңгеріп алу жеткілікті екен. Бір сабақтың ұзақтығы екі сағат он бес минутты қамтиды. Әрине, ортасында 10-15 минуттық үзілісі бар.