Картинка
Мужчина и женщина

Жігіт таңдауда 10 ереже

1. Тең теңімен, тезек қабымен. Өз дәрежеңізге тең келетін жігітті таңдаңыз.

2. Таңдаған адамыңызды болашақ балаларыңыздың әкесі ретінде елестете аласыз ба? Осыған назар аударыңыз

3. Жігітіңіздің өз анасына деген ілтипатын байқаңыз. Егер ол анасын сыйлай алмаса, сізді де бақытты етуі беймәлім.

4. Таңдаған адамыңыздың әкесіне, үйдегі тәрбиесіне зейін салыңыз. Егер алған тәлімі сіздің тәрбиеңізге жат болса, бір-біріңізді түсіне алмауыңыз мүмкін.

5. Жас ерекшелігіне аса назар аудармаңыз. Жасы кіші жігіттің сана-сезімі биік болуы мүмкін.

6. Жігіттің қалтасына қызықпаңыз. Тек өмірге деген ұмтылысына көңіл бөліңіз.

7. Өзіңіз сүйген емес, өзіңізді сүйген жігітті таңдаңыз. "Жігіт сүйген алар, қыз сүйген қалар" деген нақыл сөзді ұмытпаңыз.

8. Қарапайым жігіттерге назар қойып көріңіз. Көптің көңілін таба білетін серілерге құмар болмаңыз. Оларға онсыз да ғашық жандар көп.

9. Бірден "сүйем, күйем" деген сөзге сенбеңіз. Шын сүйген адам өз сезімін жылтыр сөзбен емес, іспен көрсетеді.

10. Сөзіне берік жігітті таңдаңыз. Өз сөзінде тұрмайтын адаммен өмір сүру қиынға соғады.

Сөзінде тұра алмайтын жігітті ұсақ-түйектен де байқауға болады.

Құрметті оқырман! сіздің алып қосарыңыз бар ма?

Я – любовница
Воровство невесты: реальные истории
Красивый праздник: волшебная свадьба Каната и Малики