Картинка
Секс

Жағажайда жыныстық қатынасқа түсу қажет пе?

Егер қасыңыздағы серігіңіз төсек немесе ас үйінде емес, тек қана су жағажайында жыныстық қатынасқа түсуді қалап тұрса, онда қорықпаңыз! Себебі, ол да пайдалы, бастысы бірнеше кеңестерді біліп алсаңыз болғаны.

  • Жаныңыздағы сүйіктіңізбен өзге елде жүрсеңіз, онда міндетті түрде сол жердің заңымен таныс болыңыз. Тіпті түн ортасы болса да қоғамдық жерде жақын қатынасқа түскеніңіз үшін айыппұл төлеп жүруіңіз мүмкін.

          

  • Жағажайға түнде немесе кеш қарайған кезде барыңыз. Егер солай жасайтын болсаңыз, айтарлықтай ешкімнің көзіне көріне қоймайсыз. Сондай-ақ, көпшілік аяқ баса қоймайтын жерді таңдаған абзал.

          

  • Барынша суда жақын қатынасқа түспеңіз. Кинодағы суда орын алып жатқан секс қызық болып көрінгенімен, өмірде ыңғайсыздық тудырады. Оның үстіне суда көптеген медузалар мен қолға іліне қоймайтын микробтар жүреді. Судың асты тас болса, шаруаңыз бітті дей беріңіз.

           

  • Өзіңізбен бірге астыға жайылатын жамылғы алып барыңыз. Құм үстінде жыныстық қатынасқа түсу гигиеналық талаптарға келмейді. Сондықтан құмды жерде ғана қалауыңызды жүзеге асырғыңыз келсе, міндетті түрде сүлгі немесе жайғыш заттың болғаны дұрыс. Оның үстіне біреулер келіп қалып жағдайда жасырынуға да қолайлы.

           

  • Жеңіл, оңай шешіліп, киілетін киімдерді киген жөн. Шұлық, бірнеше түймесі бар жейде немесе шалбармен жағажайға барудың қажеті жоқ. Жағажайдағы секс ол өзіңіз және қасыңыздағы жігітіңізүшін аса қатты тосынсый болмауы мүмкін. Ол үшін алдын-ала дайындалу қажет. Десе де мың рет естігенше, бір рет көрген дұрыс. Кейін бізде «жағажайда секс болған» еді деп есіңізге алып отырасыз!