Картинка
Новости

Қыдырәлі Болманов екінші әйел ала ма?

Инста парақшасында Қарақат өз құттықтауын Қыдырәлімен қалай танысқанынан бастап, мынадай сөздермен аяқтады.

«Бүгінгі мерейлі туған күніне не сыйласам екен, қалай қуантсам екен, ырзалығымды қалай білдірсем екен деп көп ойландым... Көп....Жалпы, жақсы жар табу Алланың ең үлкен нығметі ғой, ал енді Қыдырдай ердің еріне жар болуды армандайтын бойжеткендер аз емес ... Осы жағын ескере келе мен азаматымның алтын басын құрметтей отырып, басымды ие отырып, Алла разылығы үшiн екіншi әйел алып бергенiм дұрыс болар деп шешiп отырмын. Кешегі Құнанбайлар секiлді бiр отбасын ғана емес, бiр әулеттiң тiпті бір кауымның жүгiн көтеретiн сенде қажыр-қайрат жеткiлiктi... Сен бастаған тiрлiктiң берекесiз аяқталған кезі болған емес...Альхамдулиллах! Бiзде барі жақсы! Иншалла жақсы болады да... Туған күнiңмен жаным!».

Әлеуметтік желіні дүркіндірген бұл жазба әлі де талқыланып жатыр. Бірісі оны әдейі жасалған пиар, яғни өз-өзін жарнамалау десе, енді бірілері Қыдырәлінің екініші әйелі бар, тек оны ресми түрде жариялау керек болғандықтан жасалған қадам дейді. Енді бірілері Қарақат әзілдеп жатыр деген ойда. 

Біз Қарақаттың бұл сыйлығы туралы бір ер адам мен бір әйел адамның пікірін сұрағанды жөн көрдік.

Жадо

дизайнер

Мен Қарақатпен толығымен келісемін. Екінші әйел алуға рұқсат бергені дұрыс деп санаймын. Менің де күйеуім болғанда мен оның екінші әйел алуға қарсы емес болушы едім. Қазақтың санын көбейту керек. Онда тұрған еш нәрсе жоқ. Тіпті менің ұлым маған "мама, екінші әйел аламын" десе, өзім-ақ үш әйел алып беруші едім.  

Бейбіт Көшқалиев

әнші

Мен Қарақаттың бұл қадамын дұрыс деп санаймын. Екі әйел алу исламда да бар нәрсе. Қазақтың қыздары басқа ұлтқа кеткенше, неге қазаққа тимеске? Екінші әйел алуға рұқсат бергені оның ақылдығы деп білемін. Кей адамдар ондай жұптар соңынан ажырасып кетеді дейді. Бір әйелі бола тұры ажырасатын еркектер аз ба? Отбасы бақыты оған байланысты емес. Ең бастысы еш күна жасап жатқан жоқ. Алла тағалдар қайта сауап алады. Адамдар неше түрліні айтады. Бірақ, о дүниеде біз ол адамдардың алдында есеп бермейміз. Бір Аллаға ғана күнәларымыз үшін жауап береміз. Ал екі әйел алу күнә емес.