Картинка
Секс

Вумбилдингтың қыр-сыры

Бұл жағдай әйел мен оның ерінің сексуалдық өмірден қанағаттанбауына әкеп соқтырады. Мұны болдырмас үшін нәзік жандылар «Кегель жаттығуларын» үнемі жасап жүруі тиіс. Ал вумбилдингтыңжаттықтырушы құралы ретінде қынап шариктерін де пайдалануға болады.

Ал Кегель жаттығуына кірісейік (отырып-жатып та істеуге болады)

1-ші жаттығу

1. 10 секунд бойы қынап бұлшықеттерін қысып қайта ашыңыз. Сосын 10 секунд демалыңыз. Бұл жаттығуды 3 рет қайталаңыз.
2. 5 секунд бойы бұлшықеттерді қысып ашыңыз, 5 секунд демалыңыз. Қысып-ашуды 9 рет қайталаңыз.
3. Қынап бұлшықеттерін 30 секунд бойы қысып ұстап тұрыңыз. Одан кейін 30 секунд демалыңыз. Осылайша 2 рет қайталаңыз.

2-ші жаттығу
1: Бұлшықеттерді 5 секунд бойы қысып ұстаңыз. Босатыңыз. Бас аяғы 10 рет қайталау керек.
2: Бұлшықетті 10 рет жылдам ашып-жабу керек. 3 рет қайталаңыз. Бұлшықетті қысып 120 секундқа дейін ұстаңыз. 2 минут демалып, жаттығуды басынан бастаңыз.

3-ші жаттығу

1: Бұлшықетті 30 рет ашып-жабыңыз. Сосын екінші тармақтың жаттығуына көшіңіз. Барған сайын бұлшықетті қысып ашу саны 100 ге дейін жету керек.
2: Бұлшықетті қысып 20 секунд бойы ұстаңыз. 30 секунд демалыңыз. 5 рет қайталаңыз.

4-ші жаттығу
Қынап бұлшықетін 2 минут бойы қысып-ашыңыз. Барған сайын осылайша 20 минутқа дейін уақытын көбейтіңіз. Бұл жаттығуды күніне кем дегенде 3 рет қайталау керек.
Жақсы нәтижеге қол жеткіземін десеңіз бұл жаттығуларды уақытылы және жиі қайталап отыру керек.

Пайдасы

Қынап бұлшықетін үнемі жаттықтыру арқылы сіз жыныстық жүйе мен әйел денсаулығын нығайтасыз. Бұл жаттығу бала туу кезінде де пайдасы мол. Босану кезінде жатыр мойны мен қынап оңай ашылады. Сонымен бірге босанудан кейін әйел адам өз өзіне тез келеді. Жаттыққан бұлшықеттің арқасында қынаптың көлемі оңай үлкейіп - кішірейеді. Бұлшықет мықты болған сайын онда қан айналым да жақсы болады. Демек, аналық без жақсы қызмет жасайды, гормоналды зат алмасу да күшейеді, қабыну және ісік ауруларының алдын алады. Ең бастысы, жыныстық қатынас кезінде сіз күйеуіңіздің пенисін қысып-ұстап, оның бас айналдырар ләззат сыйлайтын ойнасына айналасыз.