- Альфия, сәлем. Танымал опа-далаптардың арасындағы ең қолжетімді бренд қандай?
- Қайырлы күн. Әр әйел адам сұлу. Тек сол сұлулықты айшықтап, анықтау үшін әртүрлі опа-далаптарды қолданған жөн. Опа-далаптар нарығы күн сайын әртүрлі брендтермен толығып жатыр. Солардың бірі де бірегейі Essence бренді.
- Оның өзгелерден қандай айырмашылығы бар?
- Біріншіден, ол ешқандай да жануар арқылы тәжірбие жасалмайтын нағыз таза табиғи өнім. Екіншіден, бағасы қолжетімді әрі сапалы.
- Ендеше, осы брендтің өнімдерінің арасынан күнделікті өмірде боянуға қажетті опа-далаптар мен олардың бағаларына сараптама жасайық.
- Тоналды крем. Тоналды крем таңдау оңай емес. Себебі, әр адамның терісінің структурасының және түсінің әртүрлі екендігін ескерілуі шарт. Тоналды кремнің түсі, теріде сақталу ұзақтығы мен қалыңдығына аса мән беру керек. Тоналды кремді қолға немесе бетке емес, мойынға жағып таңдайды. Сол кезде сіздің теріңізге сай дөп түсті таба аласыздар. Кейде аллергия да болып жатады. Мұндай жағдай 3-4 сағаттың ішінде байқалады. Ең бастысы, тоналды кремнен бұрын бетке ылғалдандыратын крем жағуды ұмытпаңыздар. Аталмыш брендтегі ең қолжетімді тоналды кремнің бағасы: 1595теңге
- Қас бояуға арналған карандаш немесе гель. Бүгінгі күннің тренді десек те болады. Дұрыс жағылған тоналды крем мен әдемі боялған қас басқа косметикалардың орнын алмастыра алады. Қасқа арналған қарындаш: 845теңге
- Румяна. Бетіңізге әр береді. Боп-боз әлпеттен гөрі қан жүрген түрдің әлдеқайда әдемі екеніне бәрі де келіседі деп сенемін. Бетке арналған мозайка қызыл шырайы:1250 теңге
- Пудра. Егер макияж ұзаққа сақталсын десеңіз, тоналды кремнің үстінен опа (пудра) жаққан жөн. Мұның бәрі жұрт көзіне білінбеуі үшін жеңіл негізді, минералды опаны пайдаланыңыз. Бетке арналған күңгірт түс беретін нығыздалған опа:1145теңге
- Корректор. Бет-жақтау сүйектерінің шығыңқы әрі визуалды арық көрсету үшін өте таптырмас дүние. Бетке пішін беретін палетка: 1595теңге
- Тень. Ашық түсті теньдер қазір сәнде болса да, күнделікті өмірде аса сұранысқа ие емес. Сондықтан, көз бояуларын таңдаған кезде қоңыр, сұр түстерге назар аударыңыз. Төрт түсті көз бояу: 1900теңге
- Далап. Егер көзіңізді қою етіп боясаңыз, ашық түсті далап жаққан жөн. Ал, барлық назар әдемі еріндеріңізде болғанын қаласаңыз қанық қою, қанық қызыл түсті таңдаңыз. Ерінге арналған далап:950
- Тушь. Әрине, қандай тушь таңдаймын десеңіз де ерік өзіңізде. Көлем ұлғайтқыш тушь: 1250 теңге
P.S.: Әдемі көріну үшін ең кемінде 10 530теңге қажет. Әрине, бұл қаржы көзге қомақты болып көрінсе де, бір сатып алған косметикаңыз ұзақ жылға жетімді екенін ескеру керек. Және мүмкіндігінше бөліп-бөліп сатып алу да сіз үшін үлкен жеңілдік болары хақ.