Картинка
Беременность и роды

Сіз білмеген ЭКО туралы 10 сұрақтың жауабы

ЭКО – бедеулік кезінде жүкті болудың жалғыз мүмкіндігі ме?

Жатыр ішіндегі аналық жасушаның жетілуін санау арқылы бедеулік кезінде жүктілікті табиғи ұрықтану арқылы іске асыруға болады. Ал, басқа кезде тек экспокорпоралды ұрықтандыру (ЭКО) көмегіне жүгінеміз.

ЭКО жанға батып, ауыртатын процедура ма?

Ұрық жасушаларын теру, іріктеу кезеңіндегі ауру сезіледі. Сондықтан, ауырғанын сездірмейтін дәрі қолданамыз. Ал, эмбриондардың ұрыққа орналастыру мүлдем ауырмайды. Бұл кезде наркоз қолданбаймыз.

Анастасия Рыбина, PERSONA халықаралық репродуктивті медициналық орталығының репродуктолог-дәрігері.

ЭКО кезінде бірден жүкті болу қаншалықты мүмкін?

Статистика бойынша, алғашқы ұрықтандыру көп кезде жақсы нәтиже көрсетеді. Алайда,  жүз пайыз кепілдік бере алмаймыз. Бәрі ағзаның қабылеттілігіне байланысты. Кей әйелдер 3-4, тіпті одан да көп талпыныстан кейін жүкті болады.

ЭКО-дан кейін тез салмақ қосады ма?

Ұрық безін дамытуға арналған дәрілер  салмақ қосуға мүлдем әсер етпейді. Олар тек тәбеттің ашылуына, ағзада сұйықтық сақталуына көмектеседі.

ЭКО кезінде тек ота арқылы ғана босана аламыз ба?

ЭКО табиғи жолмен тууға ешқандай да қарсы емес. Көп кезде ота арқылы тууға әйелдің толғақ пен өз күшімен  туу кезінде денсаулығына қауіп төну болжамы себеп болады.

ЭКО тек 35 жастан жоғары әйелдерге арналған ба?

Өзім қызмет ететін PERSONA халықарарық репродуктивті медицина орталығында соңғы жылдары 23 жастан бастап емделушілерді қабылдадық. ЭКО 20,30 және 40 жастағы әйелдерге қажет болуы мүмкін.

ЭКО көмегіне жүгінгісі келетін жұптың жастары маңызды ма?

Қазақстан бойынша жас айырмашылығына қатысты ешқандай талаптар жоқ. 37 жасқа дейінгі аралық бедеулік кезінде ешқандай қиындықсыз жүкті болуға қолайлы кезең. Алайда,  эмбриондарды орналастыру кезінде  жас аралығы белгіленген.  Егер әйел 45 жастан үлкен болса бір ғана донорлық ұрық жасушасын орналастырамыз. Ал, еркектерге ондай шектеулер жоқ. Тіпті, кейде 50жаста ер азаматтың ұрық жұмыртқасы 25-30 жастағы азаматтарға қарағанда белсенді болып келеді.

ЭКО-дан кейінгі жүктілік қаншалықты қиын болады?

ЭКО – дан кейінгі жүктілік әдеттегі жүктілік секілді өтеді. Әрине,  әйелдердің бедеулік тарихына байланысты кейде қиындықтар туындауы мүмкін.

Сапалы әрі қауіпсіз ЭКО тек шетелде ме?

Бұл енді өтірік әңгіме. Бүгінгі таңда Қазақстандағы ЭКО орталықтар әлемдік деңгейде дамыған. Статистика көрсеткіштерінің жетістіктеріне назар салсақ, Европалық елдерден кем емеспіз. Сондықтан, қорқудың немесе орынсыз уайымның еш қажеті жоқ.

Выбираем роддом вместе с мамами comode.kz
FAQ: Получить декретное пособие в Казахстане
Партнерские роды с мужем: за или против?