Сивидің отбасында қуанышты жаңалық. 1-мамыр мереке күні Саламат пен Сағадаттың ізін жалғаушы қарындасы дүние есігін ашты. Нәрестенің есімі-Салидат. Бұл жөнінде әжесі Анар ханым хабарлады. Анасы мен қызының жағдайы бірқалыпты екен. Өнер иесінің парақшасын ашсаңыз ыстық ықылас пен жылы лебізге толы. Себебі, Сивидің достарынан өзге оқырмандары да ақ тілектерін білдіріп, құттықтап жатыр. Тұңғыш перзентін Тайланд жерінде дүниеге әкелген әнші, екінші және үшінші сәбін елімізде өмірге әкелді. Соған қарағанда Алматының перзентханалары көңілінен шыққан сыңайлы. Ендеше Сивиді бізде құттықтап, бала-шағаңыз көп болсын демекпіз.
gallery