Картинка
Рецепты

Шелпек дайындаудың оңай әдістері

1. Қаймаққа иленген шелпек

  • қаймақ (қолдың қаймағы не болмаса дүкеннің қаймағы) - 200 г.
  • қант - 1 ас қасық.
  • тұз - 1 шай қасық.
  • ұн - 400 гр.

Қаймаққа қалауыңыз бойынша қант пен тұзды қосып, араластырыңыз. Оған ұн қосып, жақсылап илеңіз. Дайын болған нанды қажетті бөліктерге бөліп, шелпек жайып, қызығын майға қуырыңыз. Қаймаққа иленген шелпек өте жұмсақ, нәзік болып шығады.

2. Суға немесе сүтке иленген шелпек

  • Су немсе сүт – 1 кесе.
  • Ұн – 2 кесе.
  • Тұз – 1 шай қасық.
  • Қант – 1 ас қасық.

Суды немсе сүтті отқа қойып, жылытып алыңыз. Оған тұз бен қант қосыңыз. Дайын қоспаға ұн араластырып, қамыр илеңіз. Майға екі жағын 3-4 секунд қуырыңыз. Қантты тым көп қоссаңыз, шелпектер тез күйіп кетуі мүмкін. Ал қамырдың тұзы көп болса, ол жаю барысында жыртылуы мүмкін.

3. Айранға иленген шелпек

  • Айран - 1 кесе.
  • Сары май - 2 ас қасық.
  • Қант - 1 ас қасық.
  • Ұн - 3 кесе.

Айран мен қантты араластырыңыз. Қоспаға жібітілген сары майдың бір ас қасығын қосып, тағы араластырыңыз. Біртіндеп ұн қоса бастаңыз. Ұнның мөлшері 3 кеседен асуы мүмкін, ол айранның қоюлығына байланысты болады. Айранның дәмі ащы болғандықтан, тұзды қоспаған абзал. Дайын қамырды бөліктерге бөліп, шелпектерді қызыған майға қуырыңыз.

Көже әзірлей білесіз бе?
5 видов бешбармака, о которых не знает ваша бабушка
На первое: 5 рецептов супов