Қызыл түс - құштарлық түсі
Көптеген ғалымдардың дәлелдеуінше қызыл түс - ер адамдар үшін ең сексуалды түс болып табылады. Ақ, қызғылт және т.б. түсті киім киген әйелдерге қарағанда ерлердің көзі қызылдағы әйелге көбірек түседі екен. Сол себептен, гардеробыңызда міндетті түрде қызыл түсті көйлек боласын.
Көзбен ату
Көзбен ату - әйелдің арсеналындағы мықты қару. Ер адамның жанынан өткен кезде оған көздің қиыршығын сала отыра, "мен саған ләззат сыйлай аламын" деген хабар жіберіңіз. Төсекке тарт деген ешкім жоқ, бұл тек құштарлық сезімін тудыруыға бағытталған тәжірибе.
Өзіңді көрсет
Ұяң, аузына су толытып алғандай үш қатпас адаммен уақыт өткізу - жалықтырар нәрсе. Күліңіз, ойнақы болыңыз, сөйлесіңіз, өзіңізді көрсете біліңіз. Бірақ, асыра кетпеңіз. Ауызы жабылмайтын тұштақай қыздарды жігіттер ұнатпайды.
Тиіп кету тәсілі
Ер адамның дене мүшесін кездейсоқ жанап өті не тиіп кету нәтижесіз қалмайды. Байқаусыздан қолынан ұстау, арқасынан сипап өтіу, қоштасқанда бетіне жай ғана еріннің ұшын тигізу - бұның бәрі қолдануға боларлықтай тәсілдер.
Шетте отырмаңыз
Тойда, не болмаса басқа да адамдар көп жерге барғанда шет жақта жалғыз отырмаңыз. Керек адамның сізді байқап қалуы екі талай. Қолыңызға сусын алып, бойыңызды жазып тұрыңыз. Тұрған адам бірден көзге түседі.
Жарыққа мән беріңіз
Тым жарық бөлме және табиғи жарық ешбір адамды сексуалды етіп көрсетпейді. Сондықтан, жарыққа мән беріңіз. Мүмкін болса, бөлмедегі жарықты бәсеңдетіңіз, не болмаса шамды сарғыш түске ауыстырыңыз. Ол романтикалық көңіл күй сыйлайды.
Жағымды иіс
Әтірмен әр уақытта абай болу керек. Мұрынды жаратындай шамадан тыс себілген әтір тек жиіркеншектік сезімін тудырады. Әтірді неғұрлым әз сепсеңіз, иісін сезіну үшін сізге соғұрлым жақындай түсу керек. Сізге де керегі де сол ғой.
Еңсеңізді тік ұстаңыз
Бүкірейіп тұрған ару қайбір еркекке ұнасын? Бойыңызды бос, басыңызды биік, еңсеңізді тік ұстаңыз. Омыртқамен проблема болса, йога және пилатес көмектеседі.
Ашык киінбеңіз
Еркектер көзбен жақсы көреді деген өтірік емес. Бірақ, жұмбақты шешкенді одан да қатты ұнатады. Тым ашық киінген әйел - жұмбақ емес. Ол - жұмбақтың дайын шешуі. Сол себептен, киінгенде ашық киінбеңіз. Еркек ол киімнің астында не бар екенін өзі тапқысы келетіндей киіну керек.
Өз-өзіңе ғашық бол
Уақыт өтеді, идеалдар өзгереді. Кешегі 90-60-90 бүгін дене сымбатының стандарты болып саналмайды. Сол себептен, ең бастысы - сен өз-өзіңе ғашық болу керексіз. Тек өзін жақсы көретін адамды басқа адамдар жақсы көреді.