Секске құмарлық тудырыңыз
Жарыңыздың алдында ең қалаулы әйел болу үшін секспен міндетсінбей айналысыңыз. Жыныстық қатынас кезінде ұялудың қажеті жоқ. Ер адамдар төсекте өзін көрсете алатын әйелдерді жақсы көреді. Күйеуіңізді жиі сүйіңіз, түрлі ойындар ұйымдастырыңыз, рөлдік ойындар ойнаңыз. Жарыңыз сексті сіздің өмірлік мақсатыңыз деп ойлап қалсын (қалжын, әрине).
Тәжірибеге дайын болыңыз
Ер адамдар төсекте тәжірибелерді жақсы көреді, бірақ әйелдері оны көп жағдайда айтпайды. Бұндай кезде бастаманы өз қолыңызға алыңыз. Есіңізде болсын, тәжірибелердің мақсаты неғұрлым көп оргазм алуда емес, төсек қатынасын жандандыруда. Тек түрлі тәжірибелер жасап қана сізге өздеріңе не ұнап, не ұнамайтынын анықтай аласыз. Тәжірибе ұнамаған жағдайда бірден одан бас тартыңыз.
"Ия" деп айта біліңіз
Ұйықтайтын бөлмеге кірмес бұрын, жарыңызбен алдын ала не істейтініңізді келіскен де пайдалы. Алайда, барлық нәрсені ашып айтпаңыз. Белгілі бір дәрежеде интрига болсын. Мысалы, күйеуіңіз сізді аймалап жатса, "ия, төменірек", "ия, жоғарырақ", т.б. сияқты көмек беріп тұрыңыз. Ол үшін қай жерді аймалау керектігі жұмбақ болсын. Өз денесі туралы қысылмай айта алатын әйелдерге еркектер құмарлана түседі.
"Жоқ" деп айта біліңіз
Күйуіңізге ұнамайтын нәрселер туралы бірден айтып үйреніңіз. Біздің әйелдер көп жағдайда жарының бір нәрсені дұрыс істемей жатқанын айтқанна гөрі, оргазмнан бас тартып жатады. Бұл дұрыс емес. Егер әйел адам әрқашан келісе беретін болса, ол өз жарына қызықсыз болады. Сондықтан, ұнамаған кезде "жоқ" деп айтып үйреніңіз.
Өзіңізді көрсетіңіз
Ер адамдар көзбен жақсы көреді деп бекер айтылмаған. Сондықтан оның көзінше әр уақытта әдемі болып жүріңіз. Ол үшін әдемі іш киімдерті толтырып сатып алыңыз. Олар сіздің дене бітіміңізне сай болу керек: сымбатты жақтарын көрсетіп, өзгесін жасырып тұру керек. Эпиляцияны уақытылы жасап тұрыңыз. Шашқа, теріге мән ерекше беріңіз.
Секспен жиі айналысыңыз
Күні бойы бала қарап, үй шаруасымен айналысып жүріп, секске еш құштарлық жоқ болып тұрады, түсінеміз. Бірақ сізден ала алмаған ләззатты еріңіз шеттен іздеуі мүмкін. Ойланыңыз.