Картинка
Новости

Салтанат Бақаева перзентханадан шықты

Осыдан бірнеше күн бұрын «Арнау» тобының мүшесі Салтанат Бақаеваның Әділ есімді екінші ұлы өмірге келді. Топтағы әріптесі, әнші Нұржан Керменбаев инстаграм желісі арқылы жұрттан сүйінші сұрап, қуанышты жаңалығымен бөліскен болатын. Міне, жақында Салтанаттың құрбылары мен күйеуінің достары арнайы ақ қағазға жылы сөздерін жазып, шар мен гүлдерді перзентхана ішіне толтырды. Аяқ қолын бауырына алған Салтанат тыңдармандырынан алған құттықтаулары мен ақ тілектеріне рақметін айтып, алғыс білдірді. Ендеше біз де әншіге бауы берік болсын демекпіз!