Картинка
Новости

Ринат Зайытов бесінші рет әке атанды

Міне, бүгін сол азулы ақын, талай хит әндердің мәтінін жазған Ринат Зайытов әке атанды. Бұған дейін ақын үш қыз пен бір батырға өнеге көрсеткен әке еді.

Енді, 14-наурыз күні оның жары Зульфия отағасына тағы да қыз сыйлады. Амал мерекесі күні сағат 15:00 де дүниеге келген сәбидің бойы 52 см, ал салмағы 3 келі 190 грамм екен. Бұл туралы алғаш болып ақынның жары өз парақшасында сүйінші сұрады. 

"Амал мерекесі баршағызға құтты болсын!!! Керемет  мерекеде отбасымыз кішкентай ханшайыммен толығып жатыр, Аллаға шүкір! Құттықтауларыңызға, тілектеріңізге көп рахмет. Жұғысты болсын" деп ризашылығын білдірді ақынның жары Зульфия өз парақшасында. Ханшайымның бауы берік болсын дейміз.